112. Ренжіткен кісің үшін айтатын дұғаң.

Дуа 242

اللَّهُمَّ فَأَيُّمَا مُؤْمِنٍ سَبَبْتُهُ فَاجْعَلْ ذَلِكَ لَهُ قُرْبَةً إِلَيْكَ يَوْمَ الْقِيَامَةِ

Аллаһуммә, фә-әйюмә му`минин сәбәбтуһу, фә-ж’әл зәликә ләһу қурбәтән иләйкә йәумәл-қиямәһ

Аллаһ Елшісінің, саллә-Ллаһу ‘аләйһи уә сәлләм, былай деп айтқаны хабарланады:
Аудармасы: «Я, Аллаһ! Қайсыбір мүминге тіл тигізген болсам, осыны (яғни тіл тигізуімді) ол үшін Қиямет Күні Өзіңе жақындау құралы ет!»

Әл-Бухари 6361. Муслим (396) бұл хадисті келесідей аяқталатын сөздермен келтіреді: «...Осыны ол үшін тазару және рахым ет».