118. Сафа мен Мәруаның үстінде тұрғанда оқылатын дұға.

Дуа 248

إِنَّ الصَّفَا وَالْمَرْوَةَ مِنْ شَعَآئِرِ اللَّهِ

Инна-с-Сафа ва-ль Марва мин ша'а'ири Лляхи!

Пайғамбарымыз, саллә-Ллаһу ‘аләйһи уә сәлләм, Сафаға жақындағанда мына аятты оқығандығы туралы хабарланады:
Аудармасы: «Расында, Сафа мен Маруа Аллаһтың рәсімдік белгілерінен» (Бұл жерде осы төбелерде белгілі бір діни рәсімдер өткізілетін орын екені меңзелуде) («әл-Бақара» сүресі, 158-аят).

Муслим 1218

Дуа 249

إِنَّ الصَّفَا والمَرْوَةَ مِنْ شَعائرِ الله. أَبْدَأُ بِمَا بَدَأَ اللهُ بِهِ. لَا إِلهَ إِلَّا اللهُ وَ اللهُ أَكْـبَر لَا إِلهَ إِلَّا اللهُ وَحْدَهُ لَا شَرِيكَ لَهُ، لَهُ المُلْكُ وَلَهُ الحَمْدُ وهُوَ عَلى كُلِّ شَيءٍ قَديرٌ، لَا إِلَهَ إِلَّا اللهُ وَحْدَهُ أَنْجَزَ وَعْدَهُ، وَنَصَرَ عَبْدَهُ وَهَزَمَ الأَحْزَابَ وَحْدَهُ

Лә иләһа иллә-Ллаһу уәхдәһу лә шәрикә ләһу ләһу-л-мулку уә ләһу-л-хамду уә һууә ‘алә кулли шәй-ин кадир! Лә иләһа иллә-Ллаһу уәхдәһу, әнжәзә уә’дә-һу, уә нәсара ‘абдәһу, уә һәзәмәл-ахзәбә уахдәһу! (3 рет айтылады).

Содан соң ол, саллә-Ллаһу ‘аләйһи уә сәлләм: «Аллаһ бастаған нәрседен бастаймын», - деп Сафадан бастады. Ол Сафа төбесіне оның үстінен Қағба көрінгенге дейін көтерілді. Ол жерде Аллаһтың Елшісі, саллә-Ллаһу ‘аләйһи уә сәлләм, жүзін Қыблаға қаратты да, келесі сөздерді айтты: «Лә иләһа иллә-Ллаһ!»
Аудармасы: «Аллаһтан басқа құлшылыққа лайықты құдай жоқ!»)
және «Аллаһу Әкбар!»
Аудармасы: «Аллаһ Ұлы!», Кейін ол былай деді:
Аудармасы: «Жалғыз, серігі жоқ Аллаһтан басқа құлшылыққа лайықты құдай жоқ. Бүкіл билік Онікі және барлық мадақ Оған, әрі Оның күш-құдіреті барлық нәрсеге толық жетеді. Жалғыз Аллаһтан басқа құлшылыққа лайықты құдай жоқ. Ол уәдесін орындады да, пендесіне (пайғамбарына) көмек беріп, бүкіл тайпаларды Жалғыз Өзі жеңді».
Бұл хадистің жалғасында Пайғамбар, саллә-Ллаһу ‘аләйһи уә сәлләм, Маруаға көтерілгенде де осылай жасағандығы хабарланады.

Муслим 1218