125. Бір нәрсеге көз тиюден қорыққан кісі не дейді.

Дуа 257

اللّهُـمَّ بارِك عَلَـيه

Аллаhумма барик ‘аләйh

Аллаһ Елшісінің, саллә-Ллаһу ‘аләйһи уә сәлләм, былай деп айтқаны жеткізіледі: «Егер сендерден бір кісі өзінің бауырында, не өзінде, не өзінің мал-мүлкінде қатты ұнаған бір нәрсе көрсе, оған береке тілесін. Өйткені, расында, көз тию – бұл ақиқат».
Мысалы: ‘Аудармасы: «Я, Аллаһ оған берекеңді бер!», - деп айтуға болады

Ахмад «Муснад» 15700, Ибн Мәжаһ 3508, Малик 3/118-119. Әл-Әлбани «Сахихул-Жәми’» (1/212) кітабында хадисті сахих деді. Сондай-ақ: әл-Арнауттың «Тахқық «Задул-Ма’ад» (4/170) кітабын қараңыз.