132. Жақсылық түрлеріне және жалпы әдептерге қатысты мәселелер

Дуа 281

Пайғамбарымыздың, саллә-Ллаһу ‘аләйһи уә сәлләм, былай дегені жеткізіледі:
«Күн батып, кеш басталғанда, балаларыңызды (көшeге шығудан) ұстаңыздар. Өйткені сол кезде жер бетінде шайтандар тарайды. Күн батқаннан соң біраз уақыт өткеннен кейін, оларды жіберсеңіздер болады. Есіктерді Аллаһтың атын атап жабыңыздар, өйткені, ақиқатында, шайтан жабылған есікті аша алмайды! Торсықтардың аузын да Аллаһтың есімін атап байлаңыздар. Әрі ыдыстардың бетін Аллаһтың есімін атап жабыңыздар, еш болмаса оның үстіне бір нәрсе қойыңыздар. Сөйтіп шырақтарыңызды өшіріңіздер».

Әл-Бухари 5623, Муслим 2012.