2. Киім кигенде айтылатын дұға.

Дуа 5

الْحَمْدُ للَّهِ الَّذِي كَسَانِي هَذَا (الثَّوْبَ) وَرَزَقَنِيهِ مِنْ غَيْرِ حَوْلٍ مِنِّي وَلَا قُوَّة

Әл-хамду ли-Лләһи-лләзи кәсә-ни һәзә (әс сәубә) уә разәқа-ни-һи мин ғайри хаулин мин-ни уә лә қууәһ

Мен өзім күш пен қуатқа ие болмасам да (яғни осы киімді өзім табуыма жеткілікті күш пен қулыққа ие болмасам да), маған бұл (киімді) кигізген әрі оны маған нәсіп еткен Аллаһқа мақтау-мадақтар болсын!

Әбу Дауд 4023, Әт-Тирмизи 3458, Ибн Мәжаһ 3285. Қабылдауға боларлық хадис, қз.: «Ируаул-Ғалил» 7/47.