26. Истихара (көмек сұрау) намазының дұғасы.

Дуа 74

اللَّهُمَّ إِنِّي أَسْتَخِيرُكَ بِعِلْمِكَ، وَأَسْتَقْدِرُكَ بِقُدْرَتِكَ، وَأَسْأَلُكَ مِنْ فَضْلِكَ العَظِيمِ؛ فَإِنَّكَ تَقْدِرُ وَلاَ أَقْدِرُ، وَتَعْلَمُ وَلاَ أَعْلَمُ، وَأَنْتَ عَلاَّمُ الغُيُوبِ، اللَّهُمَّ إِنْ كُنْتَ تَعْلَمُ أَنَّ هَذَا الأمْرَ - وَيُسَمِّي حَاجَتَهُ - خَيْرٌ لِي فِي دِينِي وَمَعَاشِي وَعَاقِبَةِ أَمْرِي – (عَاجِلِهِ وَآجِلِهِ) - فَاقْدُرْهُ لِي وَيَسِّرْهُ لِي ثمَّ بَارِكْ لِي فِيهِ، وَإِنْ كُنْتَ تَعْلَمُ أَنَّ هَذَا الْأَمْرَ شَرٌّ لِي فِي دِينِي وَمَعَاشِي وَعَاقِبَةِ أَمْرِي – (عَاجِلِهِ وَآجِلِهِ) – فَاصْرِفْهُ عَنِّي وَاصْرِفْنِي عَنْهُ وَاقْدُرْ لِيَ الْخَيْرَ حَيْثُ كَانَ، ثُمَّ أَرْضِنِي بِهِ

Аллаһуммә, инни әстәхирукә би-’илмикә, уә әстәқдирукә би-қудратикә, уә әсәлукә мин-фәдликә-л-’азыйми, фә иннәкә тәқдиру уә лә әқдиру уә тә’ләму, уә лә ә’ләму, уә Әнтә ‘алләмул-ғуюби! Аллаһуммә, ин кунтә тә’ләму әннә һәзәл-әмра (...) хайрун ли фи дини уә мә’аши уә ‘ақибәти әмри, фәқдурһу ли уә яссирһу ли, суммә бәрик ли фиһи; уә ин кунтә тә’ләму әннә һәзәл-әмра (...) шәррун ли фи дини, уә мә’а-ши уә ‘ақибәти әмри, ‘фәсрифһу ‘анни уәсрифни ‘анһу уәқдур-ли әл-хайра хайсу кәнә суммә ардый-ни биһи

Жәбир ибн Абдуллаһ (Аллаһ оған разы болсын) былай деген: "Аллаһтың Елшісі, саллә-Ллаhу ‘аләйhи уә сәлләм, бізге Құран сүрелерінің әлдебірін үйреткеніндей, барлық істерде (Аллаһ Тағаладан) көмек сұрауды да үйрететін әрі былай дейтін: "Егер сіздерден бір кісі қандай да бір (істі) істемек болса, екі рәкағат нәпіл намазын оқысын да, кейін былай десін:
Я, Аллаһ! Маған іліміңмен және Құдіретіңмен көмек беруіңді сұраймын, және мені үлкен игілікке бөлеуіңді өтінемін, өйткені Сен Құдіреттісің, ал менің күш-құдіретім (түкке) жетпейді, Сен (барлық нәрсені) білесің, ал мен білмеймін, әрі Сен ғайыпты толық білушісің. Я, Аллаһ! Егер Сен бұл істі (осы жерде, дәл не істейтінін (қажетін) айтады) менің дініме, тіршілігіме, істерімнің соңына (ерте немесе кеш) қайырлы деп білсең, оны маған нәсіп ете гөр, әрі (ол істі) маған оңтайлы етіп, кейін оны мен үшін берекелі ет! Ал егер Сен бұл істі менің дініме, тіршілігіме, істерімнің соңына зиянды деп білсең, онда оны менен алыстата гөр, әрі мені де одан аулақ ет! Қай жерде болса да мен үшін жақсылықты нәсіп ет те, мені сол жақсылықпен разы ете гөр!

Жаратушының Өзінен ғана жәрдем сұраған, әрі Ол жаратқан мүминдермен кеңесе отырып, өз істерінде сақтық танытқан кісі өкінбейді, өйткені Аллаһ Тағала былай деген: «...Іс жөнінде олармен (мүминдермен) кеңес ет, сонымен қашан (орындауға) шешім берсең, Аллаһқа тәуекел ет» («Әли Имран» сүресі, 159-аят).

Әл-Бухари (1162).