32. Үтір намазында оқылатын Құнұт дұғасы.

Дуа 116

اللَّهُمَّ اهْدِنِي فِيمَنْ هَدَيْتَ، وَعَافِنِي فِيمَنْ عَافَيْتَ، وَتَوَلَّنِي فِيمَنْ تَوَلَّيْتَ، وَبَارِكْ لِي فِيمَا أَعْطَيْتَ، وَقِنِي شَرَّ مَا قَضَيْتَ؛ فَإِنَّكَ تَقْضِي وَلاَ يُقْضَى عَلَيْكَ، إِنَّهُ لاَ يَذِلُّ مَنْ وَالَيْتَ، [وَلاَ يَعِزُّ مَنْ عَادَيْتَ]، تَبارَكْتَ رَبَّنا وَتَعَالَيْتَ

Аллаһуммә-һдини фи-мән һәдәйтә, уә ‘а-фи-ни фи-мән ‘а-фәйтә, уә тәуәлләни фи-мән тәуәлләйта, уә бә-рик ли фи-мә ә’тайта, уә қини шәрра мә қадойтә, фә-иннәкә тақды уә лә юқдо ‘аләйкә, иннәһу лә язиллю мән уәләйтә, (уә лә я’иззу мән ‘а-дайтә) Тәбәрактә, Раббәнә, уә тә’а-ләйта!

Я, Аллаһ! Өзің тура жолға салған кісілердің қатарында мені де тура жолға сал. Өзің есендік берген кісілердің қатарында маған да есендік бер. Өзің қамқорлық еткен кісілердің қатарында маған да қамқорлық ет. Берген нәрселеріңді маған берекелі ет және мені алдын ала шешіп қойған нәрселеріңнен сақтай гөр. Расында, Сен үкім етесің, ал Саған ешкім үкім ете алмайды. Шынында, Сен дос тұтқан пендең қор болмайды. (Ал Сен Өзіңе жау тұтқан пендең қадірлі болмайды) Я, Раббымыз! Сең Игі-Берекелі әрі Аса Жоғарысың!

Әбу Дауд 1425, әт-Тирмизи 464, ән-Нәсаи 1744, Ибн Мәжаһ 1178, Ахмад 1718, әд-Дарими 1592, әлХаким 3/172. Сондай-ақ бұл хадисті әл-Бәйhақи да 2/209 жеткізген, әрі жақшаның ішіндегі сөздерді сол келтірген. Қз.: «Сахихут-Тирмизи» 1/144, «Сахих Ибн Мәжаһ» 1/194, «Ируаул-Ғалил» әл-Әлбани 2/172.

Дуа 117

اللَّهُمَّ إِنِّي أَعُوذُ بِرِضَاكَ مِنْ سَخَطِكَ، وَبِمُعَافَاتِكَ مِنْ عُقُوبَتِكَ، وَأَعُـــــوذُ بِكَ مِنْكَ، لاَ أُحْصِي ثَنَاءً عَلَيْـكَ، أَنْتَ كَمَا أَثْنَيْتَ عَلَى نَفْسِكَ

Аллаһуммә, инни ә’узу би-ридокә мин сәхатыкә, уә би-му’афәтикә мин ‘уқубәтикә, уә ә’узу бикә минкә, лә ухсы сәнә-ән ‘аләйка Әнтә кәмә әснәйтә ‘алә нәфсика

Я, Аллаһ! Расында, мен Сенің наразылығыңнан ризалығыңа, жазаңнан Өзіңнің жарылқауыңа сиынамын, әрі Өзіңнен Саған сиынамын! Мен Саған деген мадақты айтып тауыса алмаймын және Сен Өзінді мадақтағандай мақтай алмаймын

Әбу Дауд 1427, әт-Тирмизи 3566, ән-Нәсаи 1746, Ибн Мәжаһ (1179), Ахмад 751. Қз.: «Сахихут-Тирмизи» 3/180, «Сахих Ибн Мәжаһ» 1/194, «Ируа’ әл-Ғалил» 2/175.

Дуа 118

اللَّهُمَّ إِيَّاكَ نعْبُدُ، وَلَكَ نُصَلِّي وَنَسْجُدُ، وَإِلَيْكَ نَسْعَى وَنَحْفِدُ، نَرْجُو رَحْمَتَكَ، وَنَخْشَى عَذَابَكَ، إِنَّ عَذَابَكَ بِالكَافِرِينَ مُلْحَقٌ. اللَّهُمَّ إِنَّا نَسْتَعينُكَ، وَنَسْتَغْفِرُكَ، وَنُثْنِي عَلَيْكَ الْخَيْرَ، وَلاَ نَكْفُرُكَ، وَنُؤْمِنُ بِكَ، وَنَخْضَعُ لَكَ، وَنَخْلَعُ مَنْ يَكْفرُكَ

Аллаһумма, и-йәкә нә’буду, уә ләкә нусалли уә нәсжуду, уә иләйкә нәс’а уә нәхфиду, нәржу рахмәтәкә уә нәхша ‘азәбәкә, иннә ‘азәбәкә бил-кәфиринә мулхәқ. Аллаһуммә, иннә нәстә’инукә, уә нәстәғфирукә, уә нусни ‘аләйкә-л-хайра, уә лә нәкфурукә, уә ну'мину бикә, уә нәхда’у ләкә, уә нәхлә’у мән йәкфурука

Я, Аллаһ! Біз Саған ғана құлшылық етеміз, Саған намаз оқып, сәжде етеміз. Саған қарай ұмтылып, Саған асығамыз, әрі рахметіңді тілеп, азабыңнан қорқамыз. Шын мәнінде, Сенің азабың кәпірлерге жетеді. Я, Аллаһ! Расында, біз Сенен ғана көмек сұраймыз, әрі Сенен ғана кешірім тілейміз, әрі жақсылығың үшін Өзіңді дәріптейміз. Және Саған қарсы шықпаймыз. Біз Саған иман келтірдік, әрі біз Саған бойсұнамыз, әрі біз Саған қарсы болғандардан аулақ жүреміз

Хадисті имам әл-Бәйһақи «Сунанул-Кубрада» (2/211) келтірді және сахихтығын растады. Шейхул-Әлбани «Ируа’ул-Ғалилде»: «Жеткізушілер тізбегі сахих», - деп айтты (2/170). Хадис ‘Умар (бин әл-Хаттабтан, Аллаһ оған разы болсын, мауқуф.