42. Намаз және Құран оқу кезінде шайтанның азғыруына қарсы дұға.

Дуа 138

أَعُوذُ بِاللَّهِ مِنَ الشَّيطَانِ الرَّجِيمِ

Ә’узу би-Лләһи мин әш-шайтанир-ражим!

«Қуылған шайтанның азғыруынан Аллаһтан пана тілеймін!»
(Осы сөздерді айтып, сол жағына 3 рет (аздап «түф-түф» деп, сілекей шашпай) түкіреді.

Муслим 2203. Абул-’Аләнің сөздерінен, (бірде) ‘Усман ибн Абул-’Ас, Аллаһ оған разы болсын, Пайғамбарға, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, келіп: «Уа, Аллаһтың елшісі, ақиқатында, шайтан маған намаз және Құран оқуыма кедергі жасап, (оқып жатқан нәрселерімді) өзім үшін түсініксіз етеді)!», - деп айтқаны жеткізіледі. (Бұған) Аллаһтың Елшісі, саллә-Ллаһу ‘аләйһи уә ссәләм: «Бұл – Хинзаб есімді шайтан, әрі егер сен оның (азғыруын) сезінсең, Аллаһқа одан қорғау тілеп дұға ет те, сол жағыңа үш рет түкір», - деп жауап берді. (‘Усман): «Мен солай істедім, әрі Аллаһ оны менен аулақ етті», - деді.