44. Күнә іс жасап қойған кісі не істеп, не айтуы қажет.

Дуа 140

Аллаһ Елшісінің, саллә-Ллаһу ‘аләйһи уә сәлләм, былай деп айтқаны жеткізіледі:
«Егер әлдебір пенде қандай да бір күнә жасап қойса, содан кейін жақсылап (яғни шариғат бекіткен тәртіп-ретімен – ред.) дәрет алса, кейін екі ракағат намаз оқып, содан соң Алаһтан жарылқау тілесе, Аллаһ міндетті түрде оны кешіреді».

Әбу Дауд 1521, Әт-Тирмизи 406. Әл-Әлбани «Сахих Әбу Дауд» кітабында (1/283) хадисті сахих деді.