45. Шайтанды әрі оның азғыруын кетіретін дұға.

Дуа 141

أَعـوذُ بِاللهِ مِنَ الشَّيْـطانِ الرَّجيـم

Ә’узу би-Лләһи мин әш-шайтанир-ражим!

Аллаһқа шайтанның азғыруынан қорғау тілеп сиынып: «Қуылған шайтанның азғыруынан Аллаһтан пана тілеймін!»

Әбу Дауд 1/203, Ибн Мәжаһ 807. Осы кітаптың № 31 тармағын қараңыз. Сондай-ақ «әл-Му`минун» сүресінің 97-98 аяттарын қараңыз.

Дуа 142

Азан айту.

Муслим 389, әл-Бухари 608.

Дуа 143

Аллаһты еске алу сөздері (зікір) және Құран оқу.

Аллаһтың Елшісі, салләЛлаһу ‘аләйһи уә сәлләм: "Үйлерінді қабірге айналдырмаңдар! Ақиқатында, «әл-Бақара» сүресі оқылған үйден шайтан қашады", - дегені хабарланады. Сондай-ақ таңертеңгі және кешкі зікірлерді айту, ұйқы алдында және ұйқыдан оянған кезде, үйге кіргенде және үйден шыққанда, мешітке кіргенде және мешіттен шыққанда айтылатын зікір-дұғаларды айту, және басқа да шариғат заңдастырған зікір сөздері, мысалы, ұйықтар кезде «Аят әл-Курсиді» және «әл-Бақара» сүресінің соңғы екі аятын оқу да шайтанды қуады. Ал «Лә иләһа иллә-Ллаһу уаһдаһу лә шарика ләһу, ләһу-л-мульку уә ләһу-л-хамд, уә һуа ‘алә кулли шәйин қадир (Аллаһтан басқа құлшылыққа лайықты құдай жоқ Ол Жалғыз, Оның серігі жоқ. Бүкіл билік Оған тән! Барлық мадақ Оған лайық! Оның барлық нәрсеге күш-құдіреті толық жетеді!)» деген сөздерді 100 peт айтқан адамға, бұл сөздер күні бойы шайтаннан қорғау болады. Осы кітаптың № 93 тармағын қараңыз. Азан сөздері де шайтанды қуады.