46. Өзіне ұнамайтын іс болып қалғанда немесе шарасыз халге тап болғанда айтатын дұға.

Дуа 144

قَدَرُ اللَّهِ وَمَا شَاءَ فَعَلَ

Қадару-Ллаһу уә мә шә-ә фә’әлә

Бұл – Аллаһтың тағдырға жазғаны, әрі Ол қалағанын істеді

Аллаһтың Елшісі (салләЛлаһу ‘аләйһи уә сәлләм) былай деген: "Күшті мұсылман Алла Тағала құзырында әлсіз мұсылманнан жақсырақ, бірақ олардың әрбірінде жақсылық бар. Өзіңе пайдасы тиетін нәрсеге ұмтыл. Аллаһ Тағаладан жәрдем тіле де, мойыма. Егер сен бірдеңеге ұшырай калсаң «Қап, әтгеген-ай! Егер де мен бұл істі былай істегенімде ғой», - деп айтушы болма. Керісінше: «Бұл – Аллаһтың тағдырға жазғаны, әрі Ол қалағанын істеді», - деп айт, өйткені бұл «егер де» деген сөз шайтанның (істеріне) жол ашуға себепші болады".

Муслим 2664