49. Науқастың көңілін сұрап барғанда айтылатын дұға.

Дуа 147

لاَ بأْسَ طَهُورٌ إِنْ شَاءَ اللَّهُ

Лә бә’сә, тоһу-рун ин шә-Аллаһ

Ештеңе етпейді, Аллаһ қаласа тазарасың

Әл-Бухари «Фатх әл-Бәри» шархымен (10/118), № 3616.

Дуа 148

أَسْأَلُ اللَّهَ الْعَظيمَ رَبَّ الْعَرْشِ الْعَظِيمِ أَنْ يَشْفيَكَ (سبع مرات)

Әс-әлу-Ллаһа-л-’Азыймә, Раббә-л-‘Арши-л-’Азыйми ән-яшфийяк (7peт).

«Ұлы ‘Аршының Раббысы – Ұлы Аллаһтан саған шипа беруін тілеймін».
(Бұл сөздерді жеті рет қайталап айту керек).

Аллаһ Елшісінің, салләЛлаһу ‘аләйһи уә сәлләм: «Егер де Исламды ұстанушы кез-келген пенде әлі ажалы жетпеген науқастың көңілін сұрап барып: «Әс-әлу-Ллаһә-л-’Азыймә Раббә-л-’Арши-л-’Азыйми ән-яшфияк» («Ұлы ‘Аршының Раббысы – Ұлы Аллаһтан саған шипа беруін тілеймін»), – деп жеті рет айтса, ол міндетті түрде ауруынан айығады», – дегені хабарланады. Әт-Тирмизи 2083, Әбу Дауд 3106. Қз.: «Сахихут-Тирмизи» 2/210, «Сахихул-Жәми’» 5/180.