55. Мәйітке жаназа намазын оқығанда айтатын дұға.

Дуа 156

اللَّهُمَّ اغْفِرْ لَهُ وَارْحَمْهُ، وَعَافِهِ، وَاعْفُ عَنْهُ، وَأَكْرِمْ نُزُلَهُ، وَوَسِّعْ مُدْخَلَهُ، وَاغْسِلْهُ بِالْمَاءِ وَالثَّلْجِ وَالْبَرَدِ، وَنَقِّهِ مِنَ الْخَطَايَا كَمَا نَقَّيْتَ الثَّوْبَ الأَبْيَضَ مِنَ الدَّنَسِ، وَأَبْدِلْهُ دَاراً خَيْراً مِنْ دَارِهِ، وَأَهْلاً خَيْراً مِنْ أَهْلِهِ، وَزَوْجَاً خَيْراً مِنْ زَوْجِهِ، وَأَدْخِلْهُ الْجَنَّةَ، وَأَعِذْهُ مِنْ عَذَابِ القَبْرِ [وَعَذَابِ النَّارِ]

(Жақшаларда, қайтыс болған әйел адамға дұға оқылғанда қолданылатын әйел тектегі жалғаулар келтірілген):
«Аллаһуммә-ғфир лә-һу(-һа), уә-рхам-һу(-һа), уә ‘афи-һи(-һа), уә’фу ‘анһу(-һа), уә әкрим нузу-лә-һу(-һа), уә уәсси’ мудхалә-һу(-һа), уәғ-силһу(-һа) би-л-мә-и уәс-сәлжи уә-л-бәради, уә нәққи-һи(-һа) минәл-хатайа кәмә нәққайтә-с-сәубә-л-әбйәда минәд-дәнәси, уә әбдил-һу(-һа) дәран хайран мин дәри-һи(-һа), уә әһлән хайран мин әһли-һи(-һа), уә зәужән хайран мин зәужи-һи(-һа), уә әдхи-л-һу(-һа)-л-жәннәта уә ә’из-һу(-һа) мин ‘азәби-л-қабри уа ‘азаби-н-нәр!»

«Я, Аллаһ! Оны жарылқай гөр! Әрі оған рақым ете гөр. Әрі оны (қабір азабынан және қабір сынағынан) сақта, оны ғафу ет, әрі оның Жәннаттағы орнын несібелі ете гөр! Оның қабірін кең ет, әрі оны сумен, қармен және бұршақпен жу, әрі аппақ киім кірден тазаланғандай, оны да күнәларынан тазарта гөр. Оған өз үйінен жақсы үй, өз жанұясынан жақсы жанұя, өз жарынан жақсы жар бере гөр, әрі оны Жәннатқа кіргізе гөр. Және оны қабір азабынан және От азабынан сақтай гөр!»

Муслим 963

Дуа 157

اللَّهُمَّ اغْفِرْ لِحَيِّنَا وَمَيِّتِنَا، وَشَاهِدِنَا وَغَائِبِنَا، وَصَغِيرِنَا وَكَبيرِنَا، وَذَكَرِنَا وَأُنْثَانَا. اللَّهُمَّ مَنْ أَحْيَيْتَهُ مِنَّا فَأَحْيِهِ عَلَى الْإِسْلاَمِ، وَمَنْ تَوَفَّيْتَهُ مِنَّا فَتَوَفَّهُ عَلَى الإِيمَانِ، اللَّهُمَّ لاَ تَحْرِمْنَا أَجْرَهُ، وَلاَ تُضِلَّنَا بَعْدَهُ

Аллаһуммә-ғфир ли-хайи-нә, уә мәйити-нә, уә шәһиди-нә, уә ғаиби-нә, уә сағири-нә уә кәбири-нә уә зәкәри-нә уә унсә-нә! Аллаһуммә, мән әхияйта-һу миннә фә-ахйи-һи ‘аләл-Исләми, уә мән тәуәф-фәйтә-һу мин-нә фәтәуәффә-һу ‘алә-л-имәни, Аллаһуммә, лә тәхрим-нә әжра-һу уә лә тудыйллә-нә бә’дәһу!

Я, Аллаһ! Біздің тірілеріміз бен өлілерімізді, (жаназаға) қатысушылар мен катыспағандарды, үлкендеріміз бен кішілерімізді әрі ерлеріміз бен әйелдерімізді Өзің жарылқай гөр. Я, Аллаһ! Егер бізден кімде-кімге өмір берсең, оны Ислам дінінде ет, ал бізден кімде-кімнің жанын алатын болсаң, оның жанын иманмен ала гөр! Я, Аллаһ! Бізді осы сауаптан махрұм етпе (бұл жерде осы адамның қайтыс болғанына қатысты сабырлық сақтау үшін берілетін сауаптар туралы айтылуда) әрі одан кейін бізді адастыра көрме!

Әбу Дауд 3201, әт-Тирмизи 1024, ән-Нәсаи 1985, Ибн Мәжаһ 1498, Ахмад 8809. Қз.: «Сахих Ибн Мәжаһ» 1/251.

Дуа 158

اللَّهُمَّ إِنَّ فُلاَنَ بْنَ فُلاَنٍ فِي ذِمَّتِكَ، وَحَبْلِ جِوَارِكَ، فَقِهِ مِنْ فِتْنَةِ الْقَبْرِ، وَعَذَابِ النَّارِ، وَأَنْتَ أَهْلُ الْوَفَاءِ وَالْحَقِّ، فَاغْفِرْ لَهُ وَارْحَمْهُ إِنَّكَ أَنْتَ الغَفُورُ الرَّحِيمُ

Аллаһуммә, иннә (...) (дүниеден қайтқан адамның есімі) фи зиммәтикә, уә хәбли жиуәрикә, фәқиһи мин фитнәти-л-қабри уә ‘азәби-н-нәри, уә Әнтә әһлу-л-уәфә-и уәл-хаққи. Фәғфир ләһу уәрхам-һу, иннәкә Әнтә-л-Ғафуру-р-Рахим

Я, Аллаһ! (пәленшенің ұлы түгенше) Сенің қорғауыңда, Өз кепілдігіңде. Оны кабір сынағы мен От азабынан сақтай гөр! Сен Өз уәдеңді орындау мен әділдік Иесісің. Оны жарылқай гөр, әрі оны рахымыңа бөле. Ақиқатында, Сен аса Кешірімді, ерекше Рахымдысың!

Ибн Мәжаһ 1499. Қз.: «Сахих Ибн Мәжаһ» 1/251. Бұл хадисті Әбу Дауд та (3202) келтірген.

Дуа 159

اللَّهُمَّ عَبْدُكَ وَابْنُ أَمَتِكَ احْتَاجَ إِلَى رَحْمَتِكَ، وَأَنْتَ غَنِيٌّ عَنْ عَذَابِهِ، إِنْ كَانَ مُحْسِناً فَزِدْ فِي حَسَنَاتِهِ، وَإِنْ كَانَ مُسِيئاً فَتَجَاوَزْ عَنْهُ

Аллаһуммә, ‘абдукә уәбну әмәтикә ихтәжә илә рахмәтика, уә Әнтә ғаниюн ‘ан ‘азәбиһи, ин кәнә мухсинән фә зид фи хасәнәти-һи, уә ин кәнә муси-ән фә тәжәуаз ‘анһу!

Я, Аллаһ! Сенің құлың әрі сенің күңіңнің ұлы Өзіңнің рахымыңа мұқтаж. Сен оның азапталуына мұқтаж емессің. Егер ол жақсы ізгі істер жасаған болса, оларды арттыр. Ал егер ол жамандықтар жасаған болса, оны кеш!

Хадисті әл-Хаким келтіріп, оныі сахих деді, ал әз-Заhаби онымен келісті (1/359). Қз.: әл-Әлбани «Ахкамул-Жәнаиз» 125-бет.