59. Мәйіт жерленген соң айтылатын дұға.

Дуа 164

اللَّهُمَّ اغْفِرْ لَهُ، اللَّهُمَّ ثَبِّتْهُ

Аллаһуммә, ғфир-ләһу, Аллаһуммә, сәббитһу!

«Я, Аллаһ! Оның күнәларын жарылқай гөр. Я, Аллаһ! Оны берік ет!»

‘Усман ибн ‘Аффанның былай деп айтқаны жеткізіледі: “Мәйіт жерленіп болған соң Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) әдетте оның қабірінің басында (белгілі уақыт) тұратын, әрі ол: «Бауырларың үшін Аллаһтан жарылқау тілеңдер, әрі Ол оны берік етуін сұраңдар, өйткені, ақиқатында, дәл қазір оған сұрақтар қойылуда», - деп айтатын”.

Әбу Дауд 3223, Әл-Хаким хадисті сахих деді әрі онымен әз-Заhаби (1/370) келісті.