60. Қабірлерді зиярат еткенде айтылатын дұға.

Дуа 165

السَّلاَمُ عَلَيْكُمْ أَهْلَ الدِّيَارِ، مِنَ الْمُؤْمِنِينَ وَالْمُسْلِمِينَ، وَإِنَّا إِنْ شَاءَ اللَّهُ بِكُمْ لاَحِقُونَ، [وَيَرْحَمُ اللَّهُ الْمُسْتَقدِمِينَ مِنَّا وَالْمُسْتأْخِرِينَ] أَسْاَلُ اللَّهَ لَنَا وَلَكُمُ الْعَافِيَةَ

Әссәләму ‘аләйкум, әһләд-дийяри минәл-му`мининә уә-л-муслиминә, уә иннә ин шә-ә-Ллаһу бикум ләхиқуна, (уә ярхаму-Ллаһул-мустәқдиминә миннә уә-л-мустә'хирина), әс-әлу-Ллаһа ләнә уә ләкуму-л-’афияһ

Сіздерге сәлем болсын, уа, бұл жерде жатқан му`миндер мен мұсылмандар! Расында, Аллаһ қаласа, біз де (бір күні) сіздерге қосыламыз. Бізден бұрын өткендерді де, бізден кейін өтетіндерді де Аллаһ рахым етсін. Аллаһтан өзімізге де, сіздерге де азаптан құтқаруды сұраймын!

Осындай мәтінмен бұл хадисті Ибн Мәжаһ (1547) Бурайдадан, Аллаһ оған разы болсын, келтіреді. Ал жақшаның ішіндегісі – бұл ‘Аишаның, Аллаһ оған разы болсын, хадисінен, ал ол Муслимде келтірілген (975).