84. Мәжілісте айтылатын дұға.

Дуа 197

رَبِّ اغْفِرْ لِي، وَتُبْ عَلَيَّ، إِنَّكَ أَنْتَ التَّوَّابُ الغَفُورُ

Рабби-ғфирли уә туб ‘аләй-йә, иннә-кә Әнтә-т-Тәууәбу-л-Ғафур!

Абдуллаһ Ибн Умардың (Аллаһ оған разы болсын) былай деп айтқаны жеткізіледі: "Аллаһтың Елшісі, саллә-Ллаһу ‘аләйһи уә сәлләм, бір мәжілісте біреумен кездесіп отыратын болса, тұрып кетуінен бұрын 100 рет:
«Раббым, мені кешір және тәубемді кабыл ет. Расында, Сен – Тәубені Қабыл Етуші, Аса Кешірімдісің!», - деп айтатын”.

Осындай мәтінмен хадисті әт-Тирмизи (3434) келтіреді. Сондай-ақ бұл хадисті Ибн Мәжаһ та (3814) келтіреді. Қз.: «Сахихут-Тирмизи» 3/153, «Сахих Ибн Мәжаһ» 2/321.