85. Мәжілістің кәффәраты (өтеуі).

Дуа 198

سُبْحَانَكَ اللَّهُمَّ وَبِحَمْدِكَ، أَشْهَدُ أَنْ لاَ إِلَهَ إِلاَّ أَنْتَ، أَسْتَغْفِرُكَ وَأَتُوبُ إِلَيْكَ

Субханә-кә-Ллаһуммә, уә бихамди-кә, әшһәду әллә иләһа иллә Әнтә, әстәғфирукә уә әтубу иләйк!

«Я, Аллаһ! Сен Пәксің және бүкіл мадақ Саған! Сенен басқа құлшылыққа лайықты құдай жоқ екеніне куәлік беремін, Сенен кешірім сұраймын және Саған тәубе етемін!»

(Бұл жерде отырыста адамдар Аллаһты еске алмай бос сөздер жүргізген болса, кездесудің соңында айту керек болған сөздер меңзелуде.)

Әбу Дауд 4858, әт-Тирмизи 3433, ән-Нәсаи 1344. Қз.: «Сахихут-Тирмизи» 3/153. Айша анамыздың, Аллаһ оған разы болсын, былай деп айтқаны жеткізіледі: “Аллаһтың Елшісі (салләЛлаһу ‘аләйһи уә сәлләм) біреумен кездессе, Құран оқыса немесе намаз орындаса, соңында міндетті түрде: «Я, Аллаһ! Сен Пәксің және бүкіл мадақ Саған! Сенен басқа құлшылыққа лайықты құдай жоқ екеніне куәлік беремін. Сенен кешірім сұраймын және Саған тәубе етемін!», - деп айтатын”. Хадисті ән-Нәсаи «‘Амалюл-йауми уәл-Ләйләh» (308) кітабында келтірген, Ахмад 24486. Доктор Фаруқ Хаммадаh «’Амалюл-Йауми уәл-Ләйләh» кітабына жасаған тахқиқта (273) хадисті сахих деген.