97. Ауылға немесе қалаға кіргенде айтатын дұға.

Дуа 217

اللَّهُمَّ رَبَّ السَّمَوَاتِ السَّبْعِ وَمَا أَظْلَلْنَ، وَرَبَّ الأَرَضِينَ السَّبْعِ وَمَا أَقْلَلْنَ، وَرَبَّ الشَّياطِينِ وَمَا أَضْلَلْنَ، وَرَبَّ الرِّيَاحِ وَمَا ذَرَيْنَ، أَسْأَلُكَ خَيْرَ هَذِهِ الْقَرْيَةِ، وَخَيْرَ أَهْلِهَا، وَخَيْرَ مَا فِيهَا، وَأَعُوذُ بِكَ مِنْ شَرِّهَا، وَشَرِّ أَهْلِهَا، وَشَرِّ مَا فِيهَا

Аллаһуммә, Раббә-с-сәмәуәти-с-сәб’и уә мә азләлнә, уә Раббә-л-әрадыйнә-с-саб’и уә мә әқләлнә, уә Раббә-ш-шайатыни уә мә адләлнә, уә Раббә-р-рияхи уә мә зәрайнә. Әс-әлу-кә хайра һәзиһи-л-қарйяти, уә хайра әһли-һә, уә хайра мә фи-һә, ә’узу би-кә мин шәрри-һә, уә шәрри әhли-һа, уә шәрри мә фи-һә!

Жеті қат көк пен олардың саясындағылардың Иесі, жеті кабат жер мен оның үстіндегілердің Иесі, сондай-ақ шайтандар мен олар адастырғандардың әрі желдер мен желдер ұшырған нәрселердің Иесі, я, Аллаһ! Мен Сенен осы ауылдың (қаланың) жақсылығын әрі оның тұрғындарының жақсылығын, және ондағы нәрселердің жақсылығын сұраймын. Сондай-ақ осы ауылдың (қаланың) жамандығы мен оның тұрғындарының жамандығынан әрі ондағы нәрселердің жамандығынан Өзіңе сиынамын!

Хадисті әл-Хаким келтіріп, оны сахих деді. Онымен әз-Заhаби (2/100) келісті. Сондай-ақ бұл хадисті Ибн Сунни (524) де келтірді, ал әл-Хафиз «Тахрижул-Азкар» (5/154) кітабында оны қабылдауға жарамды (хасан) деді. Шейх Ибн Баз, Аллаһ оны рахым етсін: «Хадисті ән-Нәсаи де қабылдауға жарамды (хасан) иснадпен келтірген», - деп айтқан. Қз.: «Тухфатул-Ахйар» 37-бет.