Дуа 226 ☆
ا للهُ أَكْـبَر، ا للهُ أَكْـبَر، ا للهُ أَكْـبَر لاَ إِلَهَ إِلاَّ اللَّهُ وَحْدَهُ لاَ شَرِيكَ لَهُ، لَهُ الْمُلْكُ، وَلَهُ الْحَمْدُ، وَهُوَ عَلَى كُلِّ شَيْءٍ قَدِيرٌ، آيِبُونَ، تَائِبُونَ، عَابِدُونَ، لِرَبِّنا حَامِدُونَ، صَدَقَ اللَّهُ وَعْدَهُ، وَنَصَرَ عَبْدَهُ، وَهَزَمَ الْأَحْزابَ وَحْدَهُ
Лә иләһа иллә-Ллаһу уахдәһу лә шәрикә ләһу, ләһу-л-мулку уә ләһу-л-хамду, уә һууә ‘алә кулли шәй-ин қадир! Әйибунә, тә-ибунә, ‘а-бидунә, ли-Раббинә хамидуна! Садақа-Ллаһу уә’дә-һу, уә нәсара ‘абдә-һу, уә һәзәмә-л-ахзәбә уахдәһ!
Сапардан кайтқанда қырға көтерілген сайын үш мәрте: «Аллаһу Әкбар» («Аллаһ Ұлы»), - деп айтқан соң мына дұғаны айту керек:
Аудармасы: «Аллаһтан басқа құлшылыққа лайықты құдай жоқ. Ол Жалғыз және Оның серігі жоқ. Бүкіл билік Онікі және барлық мақтау Оған. Сондай-ақ Оның күш-құдіреті барлық нәрселерге толық жетеді. Біз Раббымызға тәубе етіп, құлшылық жасап, әрі Оған мадақ айтып қайтып келе жатырмыз! Аллаһ уәдесінде тұрды және Өзінің құлына көмектесіп, жалғыз Өзі тайпаларды жеңді!»
(Бұл жерде 627 ж. Хандак шайқасы кезінде Мединаны қоршауға алған одақтас тайпалар меңзелуде).
Пайғамбар, салләЛлаһу ‘аләйһи уә сәлләм, бұл сөздерді жорықтан немесе қажылықтан қайтқан кездерінде айтатын. Әл-Бухари 1797, Муслим 1344.