Дуа 240 ☆
Аллаһ Елшісінің, саллә-Ллаһу ‘аләйһи уә сәлләм, былай дегені жеткізіледі: «Егер қораздың айқайлағанын естісеңдер, Аллаһтан Оның кеңшілігін сұраңдар, өйткені, ақиқатында, ол (қораз) періштені көргені. Егер есектің ақырғанын естісеңдер, Аллаһқа шайтанның (кесірінен) қорғау тілеп сиыныңдар, өйткені ол (есек) шайтанды көргені».
Әл-Бухари 3303, Муслим 2729. Бұл хадис сондай-ақ әл-Бухариде «Әл-Адабул-Муфрад» кітабында келтіріледі,№ 1236, алайда онда «түнде» деген қосымша бар. Сондықтан да егер түнде қораздың айқайлағанын естісеңіздер, онда Аллаһтан Оның кеңшілігін сұраңыздар, ал егер түнде есектің ақырғанын естісеңіздер, онда Аллаһқа шайтанның (кесірінінен) қорғау тілеп сиыныңыздар. Әрі осыны, бұл туралы имам әш-Шаукани «Шарх тухфату-з-закирин» (282) кітабында келтіргендей, күндіз емес, түнде істеу керек.]