Дуа 234 ☆
السلام عليكم و رحمة الله و بركاته
Әссәләму ‘аләйкум уә рахмәту-Ллаһи уә бәракәтуһ!
Бір мұсылман екінші бір мұсылманмен кездескенде:
«Сізге Аллаһтың бейбітшілігі, мейірімі мен берекесі болсын!», - деп айтуы керек.
-
Дуа 235 ☆
و عليكم السلام و رحمة الله و بركاته
Уа ‘аләйкуму-с-сәләму уә рахмәту-Ллаһи уә бәракәтуһ!
Бұған: «Сізге де Аллаһтың бейбітшілігі, мейірімі мен берекесі болсын!», - деп жауап қайырылады.
-
Дуа 236 ☆
Аллаһ Елшісінің, саллә-Ллаһу ‘аләйһи уә сәлләм, былай деп айтқаны хабарланады: «Сендер иман келтірмей Жәннатқа кіре алмайсыңдар. Ал бір-бірлеріңді жақсы көрмейінше иман келтірген бола алмайсыңдар. Мен сіздерге егер соны орындасаңдар сол арқылы бір-біріңді жақсы көретін бір істі үйретейін бе?! Бір-біріңе жиі сәлем беріңдер!»
Осындай үлгіде бұл хадисті имам Ахмад 1430 келтірген. Муслим (54) осыған ұқсас хадисті келтіреді.
Дуа 237 ☆
Пайғамбарымыз, саллә-Ллаһу ‘аләйһи уә сәлләм, былай деп айтқан: «Кімнің бойынан мына үш қасиет табылса, сол толық иманға ие болғаны: өз-өзіне әділ болу, барлық адамға сәлем беріп жүру әдеті және кедейлікте садақа бере алатындық».
Әл-Бухари (28) му’алләқан ‘Аммардан, Аллаһ оған разы болсын, мауқуф түрінде.
Дуа 238 ☆
Абдуллаһ ибн Омардың, Аллаһ оған разы болсын, былай деп баяндағаны хабарланады: "Бірде бір адам Пайғамбарымыздан, саллә-Ллаһу ‘аләйһи уә сәлләм): «Исламның қайсы амалдары жақсырақ?», - деп сұрады. Ол, саллә-Ллаһу ‘аләйһи уә сәлләм: «Исламның ең жақсы амалдарына адамдарға тамақ беру және өзің танитын да, танымайтын да адамдарға сәлем беру жатады», — деп жауап берді".
Әл-Бухари 12, Муслим 39.