69. Тамақтанар алдында айтылатын дұға.

Дуа 178

بِسْمِ الله

Би-сми-Лләһ

Аллаһ Елшісінің, саллә-Ллаһу ‘аләйһи уә сәлләм, былай дегені жеткізіледі: “Сендердің әрбірің тамақ жеуге кірісуден бұрын "Аллаһтың атымен" деп айтсын”.

Әбу Дауд 3767, әт-Тирмизи 1858. Қз.: ««Сахиху-т-Тирмизи»» (2/167).

Дуа 179

بسمِ اللَّهِ فِي أَوَّلِهِ وَآخِرِهِ

Бисми-Лләһи фи әууәллиһи уә әхириһи

Ал егер ол тамақ жеуден бұрын осыны айтуды ұмытып кетсе, онда: «Басында да, соңында да Аллаһтың атымен», – десін

Әбу Дауд 3767, әт-Тирмизи 1858. Қз.: ««Сахиху-т-Тирмизи»» (2/167).

Дуа 180

اللَّهُمَّ بَارِكْ لَنَا فِيهِ وَأَطْعِمْنَا خَيْراً مِنْهُ

Аллаһуммә, бәрик лә-нә фи-һи уә ат-ьимнә хайран-мин-һу!

Аллаһ Елшісінің саллә-Ллаһу ‘аләйһи уә сәлләм, былай дегені хабарланады: “Аллаһ Тағала кімге тамақ нәсіп етсе, сол:
«Я, Аллаһ! Бұны біз үшін берекелі ет және бізді бұдан да жақсысымен тамақтандыр!» – деп айтсын

Әт-Тирмизи 3455. Қз.: «Сахиху-т-Тирмизи» (3/158).

Дуа 181

اللَّهُمَّ بَارِكْ لَنَا فِيهِ وَزِدْنَا مِنْهُ

Аллаһуммә, бәрик лә-нә фи-һи уә зид-нә мин-һу!

ал кімге Аллаһ Тағала сүт нәсіп етсе, сол:
«Я, Аллаһ! Бұны бізге берекелі ет және бұны бізге молайт!», – десін

Әт-Тирмизи 3455. Қз.: «Сахиху-т-Тирмизи» (3/158).