Дуа 129 ☆
اللَّهُمَّ ربَّ السَّمَوَاتِ السَّبْعِ، وَرَبَّ الْعَرْشِ الْعَظِيمِ، كُنْ لِي جَاراً مِنْ فُلاَنِ بْنِ فُلاَنٍ، وَأَحْزَابِهِ مِنْ خَلاَئِقِكَ، أَنْ يَفْرُطَ عَلَيَّ أَحَدٌ مِنْهُمْ أَوْ يَطْغَى، عَزَّ جَارُكَ، وَجَلَّ ثَنَاؤُكَ، وَلاَ إِلَهَ إِلاَّ أَنْتَ
Аллаһумма, Раббә-с-сәмәуәти-с-сәб-’и, уә Раббә-л-’Арши-л-’азыйми, кун ли жәран мин, (осы жерде кімнен қорықса, соның есімін атау керек), уә әхзәбиһи мин халәиқи-кә, ән яфрута ‘аләййа ахадун минһум әу ятға, ‘Аззә жәрукә, уә жәллә сәнә-укә, уә лә иләһа иллә Әнта!
Жеті көктің Раббысы, ұлы ‘Аршының Раббысы – Аллаһ! Маған пәленшенің ұлы түгеншеден, (яғни қорыққан адамның есімін атау) және жаратылыстарыңның ішіндегі оның сыбайластарынан Өзің қорған бол! Олардың ешқайсысы маған зәбір көрсетіп, қысым жасай алмайтындай (қорған бол). Сенің қорғауың мықты. Сондай-ақ Сенің мерейің үстем әрі Сенен басқа құлшылыққа лайықты құдай жоқ!
Әл-Бухари «Әл-Адабул-Муфрадта» (707), ал әл-Әлбани «Сахихул-Адабул-Муфрадта» (545) хадисті сахих деді.
Дуа 130 ☆
اللَّهُ أَكْبَرُ، اللَّهُ أَعَزُّ مِنْ خَلْقِهِ جَمِيعاً، اللَّهُ أَعَزُّ مِمَّا أَخَافُ وَأَحْذَرُ، أَعُوذُ بِاللَّهِ الَّذِي لاَ إِلَهَ إِلاَّ هُوَ، الْمُمْسِكِ السَّمَوَاتِ السَّبْعِ أَنْ يَقَعْنَ عَلَى الْأَرْضِ إِلاَّ بِإِذْنِهِ، مِنْ شَرِّ عَبْدِكَ فُلاَنٍ، وَجُنُودِهِ وَأَتْبَاعِهِ وَأَشْيَاعِهِ، مِنْ الْجِنِّ وَالإِنْسِ، اللَّهُمَّ كُنْ لِي جَاراً مِنْ شَرِّهِمْ، جَلَّ ثَنَاؤُكَ وَعَزَّ جَارُكَ، وَتَبَارَكَ اسْمُكَ، وَلاَ إِلَهَ غَيْرُكَ)) (ثلاثَ مرَّاتٍ)
Аллаһу Әкбару, Аллаһу Ә’аззу мин халқиһи жәми’ан, Аллаһу Ә’аззу мим-мә әхафу уә әхзәру, ә’узу биЛләһи-лләзи лә иләһа иллә һууә, әл мумсики-с-сәмәуәти-с сәб’и ән яқа’нә ‘аләл-арды иллә би изниһи, мин шәрри ‘абдикә (қорыққан адамның есімін атау), уә жунудиһи уә әтбә’иһи уә әшйә’иһи минәл-жинни уәл-инси. Аллаһуммә, кун ли жәран мин шәрриһим, жәллә сәнәукә уә ‘аззә жәрукә, уә тәбәрака-смукә, уә лә иләһа ғайрук! (3 рет).
Аллаһ Ең Ұлы, Аллаһ Өзінің жаратқандарының баршасынан Үстем. Аллаһ менің қауіптеніп сақтанған нәрселерімнен де Үстем. Өзінен басқа құлшылыққа лайықты құдай болмаған, соңдай-ақ жеті көкті Өзінің рұқсатынсыз жерге құлап кетуден ұстап тұрған Аллаһқа пәленшенің (қорыққан адамның есімін атау) жамандығынынан, оның жындар мен адамдардан құралған нөкерлерінен, сыбайластарынан және жақтастарынан сиынамын. Я, Аллаһ! Олардың кесірінен маған қорған бол. Саған ұлы мадақ, Сен қорғаған күшті, Сенің есімің берекелі! Өзіңнен басқа құлшылыққа лайықты құдай жоқ!
(Бұл сөздерді үш рет қайталау керек)
Әл-Бухари «Әл-Адабул-Муфрадта» 708 және әл-Әлбани «Сахихул-Адабул-Муфрад» хадисті сахих деді 546.