Дуа 160 ☆
اللَّهُمَّ أَعِذْهُ مِنْ عَذَابِ القَبْرِ
Аллаһуммә, а’из-һу мин ‘азәбил-қабр!
Я, Аллаһ! Оны қабір азабынан сақта!
Са’ид бин әл-Мусаййиб былай деген: «Мен Абу Хурейраның артына ұйып бірде-бір күнә жасап (үлгермеген) ұл баланың (жаназа) намазын оқыған едім, әрі мен оның (намазда) былай дегенін естідім...». Хадисті имам Мәлик «әл-Мууаттада» (1/288), Ибн Әби Шәйба «әл-Мусаннафта» (3/217), әл-Бәйhақи (4/9) келтірген. Шу’айб әл-Арнаут өзінің «Тахқиқ «Шархус-Суннаh» әл-Бағауи» (5/357) кітабында бұл хадистің иснадын сахих деді.
Дуа 161 ☆
اللَّهُمَّ اجْعَلْهُ لَنَا فَرَطاً، وَسَلَفاً، وَأَجْراً
Аллаһуммә, жьал-һу лә-нә фәратан, уә сәләфән, уә әжран
Я, Аллаһ! Оны Жәнатқа ата-анасынан бұрын кіретіндей ет, әрі оны біз үшін ізашар және қазына ете гөр!
Әл-Хасан осылай істейтін. Әл-Бағауи «Шархус-Сунна» (5/357(, ‘Абду-р-Раззақ (6588), әл-Бухари өзінің «Сахихында» №1335 хадистің алдында риуаяттың іліген түрін жеткізген. [Хадистің әл-Хасанға дейінгі иснады қабылдауға жарамды (хасан) (мәуқуф). Қз.: «Ахкамул-Жәнаиз», 160.]