Дуа 227 ☆
الْحَمْدُ لِلَّهِ الَّذِي بِنِعْمَتِهِ تَتِمُّ الصَّالِحَاتُ
Әлхамду ли-Лләһи-лләзи би-ни’мәти-һи тәтимму-с-салихәт!
Аллаһтың Елшісі, саллә-Ллаһу ‘аләйһи уә сәлләм, бір нәрсеге қуанғанда былай дейтіні хабарланады:
Аудармасы: «Оның нығметімен игі нәрселер орын алатын Аллаһқа мақтаулар болсын!»
Ибн Сунни «’Амалюл-йауми уәл-Ләйләh» 377, әл-Хаким 1/499 әрі ол хадисті сахих деді. Әл-Әлбани «Сахихул-Жәми’» (4/201) кітабында хадисті сахих деді.
Дуа 228 ☆
الْحَمْدُ لِلَّهِ عَلَى كُلِّ حَالٍ
Әлхамду ли-Лләһи ‘алә кулли хәл!
Ал оған ұнамайтын бір нәрсе орын алып жатса, Пайғамбар, саллә-Ллаһу ‘аләйһи уә сәлләм, былай дейтін:
Аудармасы: «Барлық жағдайларда да Аллаһқа мақтаулар болсын!»
Ибн Сунни «’Амалюл-йауми уәл-Ләйләh» 377, әл-Хаким 1/499 әрі ол хадисті сахих деді. Әл-Әлбани «Сахихул-Жәми’» (4/201) кітабында хадисті сахих деді.