Дуа 209 ☆
اللَّهُمَّ لاَ طَيْرَ إِلاَّ طَيْرُكَ، وَلاَ خَيْرَ إِلاَّ خَيْرُكَ، وَلاَ إِلَهَ غَيْرُكَ
Аллаһуммә, лә тайра иллә тайру-кә, уә лә хайра иллә хайру-кә, уә лә иләһа ғайру-кә!
Я, Аллаһ! Сенің құстарыңнан басқа құс жоқ (Исламға дейінгі жаһилиет дәуірінде арабтар құстардың ұшу бағыты бойынша бал ашатын, бағытына қарай жақсылыққа немесе жамандыққа ырымдайтын), Сенің жақсылығыңнан басқа жақсылық жоқ. Сенен басқа құлшылыққа лайықты құдай жоқ!
Ахмад 7045, Ибн Сунни 292. Әл-Әлбани «Силсиләтул-Ахадисис-Сахихаh» (1065) кітабында хадисті сахих деді. Ал белгілі бір нәрседе жақсылықтың нышанын көруге келер болсақ, бұл Пайғамбарға, салләЛлаһу ‘аләйһи уә сәлләм, ұнайтын, сондықтан да ол бір кісіден жақсы сөз естігенде, бұл оған ұнап, содан соң ол: «Біз сенен жақсылық нышанын алдық», - деген екен. Әбу Дауд 3719, Ахмад 9040, Әл-Әлбани «Силсиләтул-Ахадисис-Сахихаh» (2/363) кітабында хадисті сахих деді, Абуш-Шейх та «Ахләқун-Нәбий, саллә Ллаhу ‘аләйhи уә сәлләм» кітабында (270-бет).