Дуа 176 ☆
ذَهَبَ الظَّمَأُ وَابْتَلَّتِ العُرُوقُ، وَثَبَتَ الْأَجْرُ إِنْ شَاءَ اللَّهُ
Зәһәбә-з-замә-у уә-бтәлләтил-’уруқ, уә сәбәтә-л-әжру ин ша-а-Ллаһ
Шөл басылды, тамырлар нәр алды, әрі, Аллаһ қаласа, сауап та күтіп тұр».
(Бұл жерде және де барлық басқа жағдайларда «ин ша-а-Ллаһ» формуласы сенімділікті білдіреді, басқаша айтқанда өзіне ізгі хабарды қамтыған.)
Әбу Дауд 2359 және басқалар. Қз.: «Сахихул-Жәми’» 4/209.
Дуа 177 ☆
اللَّهُمَّ إِنِّي أَسْأَلُكَ بِرَحْمَتِكَ الَّتِي وَسِعَتْ كُلَّ شَيْءٍ أَنْ تَغْفِرَ لِي
Аллаһуммә, инни әс-әлукә би-рахмәтикә-лләти уәси’ат куллә шәй-ин ән тәғ-фира ли!
Я, Аллаһ! Барлық нәрсені өзіне қамтитын мейірімің арқылы Өзіңе жалбарынамын: мені жарылқай гөр!
Ибн Мәжаһ (1753) ‘АбдуЛлаh бин ‘Амрдың, Аллаһ оған разы болсын, дұғасынан. Әл-Хафиз «Тахрижу әл-Азкар» кітабында хабарды қабылдауға жарамды (хасан) деді. Қз.: «Шархул-Азкар» (4/342). [Хадис әлсіз (да’иф). Қз.: «Да’иф Сунан Ибн Мәжаһ» (1/135), №345. Сондай-ақ «әл-Калимут-Тоййиб» (164) кітабында әл-Әлбани бұл хадистің иснадын әлсіз деген.]