Дуа 55 ☆
اللَّهُمَّ إِنِّي أَعُوذُ بِكَ مِنْ عَذَابِ الْقَبْرِ، وَمِنْ عَذَابِ جَهَنَّمَ، وَمِنْ فِتْنَةِ الْمَحْيَا وَالْمَمَاتِ، وَمِنْ شَرِّ فِتْنَةِ الْمَسِيحِ الدَّجَّالِ
Аллаһуммә, инни ә’узу бикә мин ‘азәбил-қабри, уә мин ‘азәби жәһәннәма, уә мин фитнәтил махйа уәл-мәмәти, уә мин шәрри фитнәтил мәсихи-д-дәжжәл!
Я, Аллаһ! Расында, мен қабір азабынан, Тозақ азабынан, өмір мен өлім бүлігінен және Мәсих Дәжжәл бүлігінің кесірінен Өзіңе сиынамын!
Әл-Бухари 1377, Муслим осындай үлгіде (588).
Дуа 56 ☆
اللَّهُمَّ إِنِّي أَعوذُ بِكَ مِنْ عَذَابِ الْقَبْرِ، وَأَعوذُ بِكَ مِنْ فِتْنَةِ الْمَسِيحِ الدَّجَّالِ، وَأَعوذُ بِكَ مِنْ فِتْنَةِ الْمَحْيَا وَالْمَمَاتِ. اللَّهُمَّ إِنِّي أَعوذُ بِكَ مِنَ الْمَأْثَمِ وَالْمَغْرَمِ
Аллаһуммә инни ә’узу бикә мин ‘азәбил-қабри, уә а’узу бикә мин фитнәтил-мәси-хид-дәджәли, уә ә’узу бика мин фитнәтил-мәхйа уәл-мәмәти. Аллаһуммә, инни ә’узу бикә минәл ма'сәми уәл-мәғрам!
Я, Аллаһ! Расында, Мен қабір азабынан Өзіңе сиынамын, және Мәсих Дәжжәлдің бүлігінен Өзіңе сиынамын, сондай-ақ өмір мен өлім бүлігінен Өзіңе сиынамын. Я, Аллаһ! Шын мәнінде, мен күнә мен қарыздардан Өзіңнен пана сұраймын!
Әл-Бухари (832), Муслим (587).
Дуа 57 ☆
اللَّهُمَّ إِنِّي ظَلَمْتُ نَفْسِي ظُلْماً كَثِيراً، وَلاَ يَغْفِرُ الذُّنوبَ إِلاَّ أَنْتَ، فَاغْفِرْ لِي مَغْفِرَةً مِنْ عِنْدِكَ وَارْحَمْنِي، إِنَّكَ أَنْتَ الغَفورُ الرَّحيمُ
Аллаһуммә, инни заләмту нәфси зулмән кәсиран уә лә яғфиру-з-зунубә иллә Әнтә. Фағфир ли мәғфиратән мин ‘индикә уәрхамни, иннәкә Әнтә-л-Ғафуру-р-Рахим!
Я, Аллаһ! Шын мәнінде, мен өзіме аса көп зұлымдық жасадым. Күнәларды кешіретін Өзіңнен басқа ешкім жоқ. Өз жарылқауыңмен мені кешір де, маған рақым ет. Расында, Сен аса Жарылқаушы, ерекше Рахымдысың!
Әл-Бухари (834), Муслим (2705)
Дуа 58 ☆
اللَّهُمَّ اغْفِرْ لِي مَا قَدَّمْتُ، وَمَا أَخَّرْتُ، وَمَا أَسْرَرْتُ، وَمَا أَعْلَنْتُ، وَمَا أَسْرَفْتُ، وَمَا أَنْتَ أَعْلَمُ بِهِ مِنِّي. أَنْتَ الْمُقَدِّمُ، وَأَنْتَ الْمُؤَخِّرُ لاَ إِلَهَ إِلاَّ أَنْتَ
Аллаһуммә-ғфир ли мә қаддәмту уә мә әххарту, уә мә әсрарту, уә мә ә’ләнту, уә мә әсрафту, уә мә Әнтә ә’ләму биһи минни. Әнтәл-Муқаддиму, уә Әнтәл-Муәххиру, лә иләһа иллә Әнта!
Я, Аллаһ! Менің бұрынғы және кейінгі, жасырын және әшкере жасаған күнәларымды, шектен шығушылығымды және Өзің менен жақсы білетін күнәларымды кешіре гөр. Ілгерілетуші де, Кешуілдетуші де Өзіңсің. Өзіңнен басқа құлшылыққа лайықты құдай жоқ!
Муслим (771)
Дуа 59 ☆
اللَّهُمَّ أَعِنِّي عَلَى ذِكْرِكَ، وَشُكْرِكَ، وَحُسْنِ عِبادَتِكَ
Аллаһуммә, ә’инни ‘алә зикрикә, уә шукрикә, уә хусни ‘ибәдәтик
Я, Аллаһ! Өзіңді зікір етуге, Өзіңе шүкір етуге әрі Өзіңе көркем түрде құлшылық етуге маған жәрдем бер
Әбу Дауд (1522), ән-Нәсаи (3/53, № 2302), әл-Әлбани «Сахих Әбу Дауд» (1/284) кітабында хадисті сахих деді.
Дуа 60 ☆
اللَّهُمَّ إِنِّي أَعُوذُ بِكَ مِنَ الْبُخْلِ، وَأَعوذُ بِكَ مِنَ الْجُبْنِ، وَأَعُوذُ بِكَ مِنْ أَنْ أُرَدَّ إِلَى أَرْذَلِ الْعُمُرِ، وَأَعُوذُ بِكَ مِنْ فِتْنَةِ الدُّنْيَا وَعَذَابِ الْقَبْرِ
Аллаһуммә, инни ә’узу бикә мин әл-бухли, уә ә’узу бикә мин әл-жубни, уә ә’узу бикә мин ән ураддә илә әрзәлил-’умури, уә ә’узу бикә мин фитнати-д-дунйа уә ‘азәбил-қабр
Я, Аллаһ! Ақиқатында, мен Саған сараңдықтан сиынамын, әрі Саған қорқақтықтан сиынамын, және Саған қаусаған қарт болып қалудан сиынамын, сондай-ақ Саған дүние бүлігінен және қабір азабынан сиынамын
Әл-Бухари (2822, 6390), «Фатх әл-Бәри» (6/35)
Дуа 61 ☆
اللَّهُمَّ إِنِّي أَسْأَلُكَ الْجَنَّةَ وَأَعُوذُ بِكَ مِنَ النَّارِ
Аллаһуммә инни әс-әлукәл жәннәтә уә ә’узу бикә мин ән-нәр!
Я, Аллah! Расында, мен Сенен Жәннатты сұраймын, әрі Оттан Өзіңе сиынамын!
Әбу Дауд (792), Ибн Мәжаһ 910, қз.: «Сахих Ибн Мәжаһ» (2/328)
Дуа 62 ☆
اللَّهُمَّ بِعِلْمِكَ الغَيْبَ وَقُدْرَتِكَ عَلَى الْخَلقِ أَحْيِنِي مَا عَلِمْتَ الْحَيَاةَ خَيْراً لِي، وَتَوَفَّنِي إِذَا عَلِمْتَ الْوَفَاةَ خَيْراً لِي، اللَّهُمَّ إِنِّي أَسْأَلُكَ خَشْيَتَكَ فِي الْغَيْبِ وَالشَّهَادَةِ، وَأَسْأَلُكَ كَلِمَةَ الْحَقِّ فِي الرِّضَا وَالْغَضَبِ، وَأَسْأَلُكَ الْقَصْدَ فِي الْغِنَى وَالْفَقْرِ، وَأَسْأَلُكَ نَعِيماً لاَ يَنْفَدُ، وَأَسْأَلُكَ قُرَّةَ عَيْنٍ لاَ تَنْقَطِعُ، وَأَسْأَلُكَ الرِّضَا بَعْدَ الْقَضَاءِ، وَأَسْــــأَلُكَ بَرْدَ الْعَيْشِ بَعْدَ الْمَوْتِ، وَأَسْأَلُكَ لَذَّةَ النَّظَرِ إِلَى وَجْهِكَ، وَالشَّوْقَ إِلَى لِقائِكَ فِي غَيرِ ضَرَّاءَ مُضِرَّةٍ، وَلاَ فِتْنَةٍ مُضِلَّةٍ، اللَّهُمَّ زَيِّنَا بِزِينَةِ الإِيمَانِ، وَاجْعَلْنَا هُدَاةً مُهْتَدِينَ
Аллаһуммә, би-’илмикәл-ғайбә уә қудратикә ‘аләл-халқи әхйини мә ‘алимтәл хаятә хайран ли уә тәуәффәни изә ‘алимтәл-уәфәтә хайран ли, Аллаһуммә, инни әс-әлукә хашйәтәкә фил-ғайби уәш-шәһәдәһ, уә әс-әлукә кәлимәтәл-хаққи фи-р-ридо уәл-ғадоби, уә әс-әлукәл қасдә фил-ғинә уәл-фәқри, уә әс-әлукә на’имән лә янфәду уә әс-әлукә қурратә ‘айнин лә тәнқаты’у, уә әс-әлукә-р-ридо бә’дәл-қадаи, уә әс-әлукә бәрдәл-’айши бә’дәл-мәути уә әс-әлукә ләззәтә-н-нәзари илә уәжһикә yәш-шәуқа илә лиқа-икә фи ғайри дарра-ә мудырратин уә лә фитнәтин мудылләтин. Аллаһуммә, зайинна би-зинәтил-имәни уәж’алнә һудәтән муһтәдина
Я, Аллаһ! Көместі білгендігіңмен және жарату құдіреттілігіңмен, егер тіршілікті мен үшін қайырлы деп білсең, маған өмір бере гөр, ал егер өлімді мен үшін хайырлы деп білсең, маған өлім бере гөр деп сұраймын. Я, Аллаһ! Шындығында, мен әшкере әрі көмес (істерімде) Өзіңнен қорқатын (пенделерден) етуіңді сұраймын. Әрі риза болғанымда да, ашуланған шағымда да ақиқат сөздерді (айтуымды нәсіп ет деп) Өзіңнен сұраймын. Сондай-ақ бай-дәулетті болғанымда да, жарлылық (шағымда да) бір қалыпты орташыл болуымды сұраймын. Сенен таусылмайтын нығмет (бақ) сұраймын әрі үзілмейтін қуаныш сұраймын, тағдырда болған оқиғадан (қазадан) кейін (оған) ризалықты, өлімнен кейін бақытты өмір сұраймын. Өз Дидарынды көру ләззатын, зиянды қайғыларсыз, адастыратын бүліктерсіз Өзіңе жолығуға деген құштарлықты сұраймын. Я, Аллаһ! Бізді иман көркемдігімен көркейте гөр, әрі бізді тура жолды ұстанған жетекшілерден ете гөр
Ән-Нәсаи (3/54, 55 №1304), Ахмад (4/364 № 21666), Әл-Әлбани «Сахих ән-Нәсаи» (1/281) кітабында хадисті сахих деді.
Дуа 63 ☆
اللَّهُمَّ إِنِّي أَسْأَلُكَ يَا أَللَّهُ بِأَنَّكَ الْوَاحِدُ الْأَحَدُ الصَّمَدُ الَّذِي لَمْ يَلِدْ وَلَمْ يولَدْ، وَلَمْ يَكنْ لَهُ كُفُواً أَحَدٌ، أَنْ تَغْفِرَ لِي ذُنُوبِي إِنَّكَ أَنْتَ الْغَفُورُ الرَّحِّيمُ
Аллаһуммә, инни әс-әлукә, йә Аллаһу, би әннәкәл Уәхиду-л-Әхаду-с-Самәду-лләзи ләм ялид уә ләм юләд уә ләм якун ләһу куфууән ахадун, ән-тәғфира ли зунуби, иннәкә Әнтә-л-Ғафуру-р-Рахим!
Я, Аллаһ! Шынында, мeн Сенен, я, Аллаһ, Сен Жалғыз, Бір, Мұңсыз, сондай-ақ тумаған әрі туылмаған әрі Саған ешкім тең емес болғандықтан ("әл-Ихләс" сүресі, 3–4-аяттар), менің күнәларымды кешіруіңді сұраймын. Сен Аса Жарылқаушы, ерекше Рахымдысың!
Ән-Нәсаи (3/52 № 1300), Ахмад (4/238 № 18974), Әл-Әлбани «Сахих ән-Нәсаи» (1/280) кітабында хадисті сахих деді.
Дуа 64 ☆
اللَّهُمَّ إِنِّي أَسْأَلُكَ بِأَنَّ لَكَ الْحَمْدَ لاَ إِلَهَ إِلاَّ أَنْتَ وَحْدَكَ لاَ شَرِيكَ لَكَ، الْمَنَّانُ، يَا بَدِيعَ السَّمَوَاتِ وَالْأَرْضِ يَا ذَا الْجَلاَلِ وَالْإِكْرَامِ، يَا حَيُّ يَا قَيُّومُ إِنِّي أَسْأَلُكَ الْجَنَّةَ وَأَعُوذُ بِكَ مِنَ النَّارِ
Аллаһуммә, инни әс-әлукә би-әннә ләкәл-хамду, лә иләһа иллә Әнтә, уахдәкә лә шәрикә ләкә, әл-Мән-нәну, йә бәди’ас-сәмәуәти уәл-арды, йә зәл-жәләли уәл-икрами, йә Хайю, йә Қайюму, инни әс-әлукә-л-жәннәтә уә ә’узу бикә мин ән-нәр!
Я, Аллаһ! Барлық мақтау-мадақ Саған айтылады, әрі Сенен басқа құлшылыққа лайықты құдай жоқ, серігің жоқ Жалғызсың, Игілік Беруші, уа, көктер мен жерді жоқтан бар етуші, уа, ұлылық пен құрмет Иесі, уа, Тірі, уа, мәңгі Жасаушы, Сенен Жәннатты сұраймын әрі Саған Оттан (Тозақтан) сиынамын!
Әбу Дауд (1495), әт-Тирмизи 3544, Ибн Мәжаһ (3858), ән-Нәсаи 1299, қз.: «Сахих Ибн Мәжаһ» (2/329).
Дуа 65 ☆
اللَّهُمَّ إِنِّي أَسْأَلُكَ بِأَنَّي أَشْهَدُ أَنَّكَ أَنْتَ اللَّهُ لاَ إِلَهَ إِلاَّ أَنْتَ الْأَحَدُ الصَّمَدُ الَّذِي لَمْ يَلِدْ وَلَمْ يُولَدْ وَلَمْ يَكُنْ لَهُ كُفُواً أَحَدٌ
Аллаһуммә, инни әс-әлукә би-әнни әшһәду әннәкә Әнтә-Ллаһу лә иләһа иллә Әнтә-л-Әхәду-с-Самәду-лләзи ләм ялид уә ләм-юләд уә ләм-якун ләһу куфууән әхәд
Я, Аллаһ! Мен Сенің Аллаһ екендігіңе, әрі Сенен басқа құлшылыққа лайықты ешбір тәңір жоқтығына, Сен Жалғыз, Мұңсыз екендігіңе, сондай-ақ тумаған әрі туылмаған әрі Саған ешкім тең емес екендігіңе куәлік бере отырып, Өзіңнен ғана сұраймын
Әбу Дауд (1493), әт-Тирмизи (3475), Ибн Мәжаһ (3857), ән-Нәсаи 1300, осындай үлгіде хадисті Ахмад (18974) келтіреді, әл-Әлбани «Сахих ән-Нәсаи» (1/280) кітабында хадисті сахих деп айтты, қз.: «Сахих Ибн Мәжаһ» (2/329), «Сахихут-Тирмизи» (3/163).