Дуа 146 ☆
أُعِيذُكُمَا بِكَلِمَاتِ اللَّهِ التَّامَّةِ مِنْ كُلِّ شَيْطَانٍ وَهَامَّةٍ، وَمِنْ كُلِّ عَيْنٍ لاَمَّةٍ
У’изу-кумә би-кәлимәти-Лләһи-т-тәммәти мин кулли шәйтанин уә һәммәтин, уә мин кулли ‘айнин-ләммәһ!
Аллаһтың Елшісі, саллә-Ллаһу ‘аләйһи уә сәлләм, немерелері Хасан мен Хусайнге былай деп дұға ететіні хабарланады:
«Аллаһтың кәміл сөздерімен Ол сендерді кез-келген шайтаннан, әрі түрлі зиянкес жәндіктерден және сұқ көзден сақтасын деп Оған сиынамын!»
Әл-Бухари 3371, Ибн ‘Аббастың, оған және оның әкесіне Аллаһ разы болсын, хадисінен.