19. Сәждеге барған уақытта оқылатын дұға.

Дуа 41

سُبْحَانَ رَبِّيَ الأَعْلَى، ثلاث مرَّاتٍ

Субханә Раббиял-А’лә! – (3 рет).

Аса Жоғары Раббым Пәк! (3 рет).

Әбу Дауд 870, Әт-Тирмизи (262), ән-Нәсаи 1007, Ибн Мәжаһ 897, Ахмад 3514 Хадис сахих, қз.: «Сахихут-Тирмизи» (1/83).

Дуа 42

سُبْحَانَكَ اللَّهُمَّ رَبَّنَا وَبِحَمْدِكَ، اللَّهُمَّ اغْفِرْ لِي

Субханәкә-Ллаһуммә, Раббәнә, уә бихамдик. Аллаһуммә-ғфир ли

Раббымыз, Аллаһ, Сен Пәксің және Саған мадақ. Я, Аллаһ! Мені кешіре гөр!

Әл-Бухари 794, Муслим 484.

Дуа 43

سُبوحٌ، قُدُّوسٌ، رَبُّ المَلَائِكَةِ وَالرُّوحِ

Суббухун, Қуддусун, Раббул-мәләикәти уә-р-рух

Пәк әрі Қасиетті, періштелер мен Жәбірейілдің Раббысы

Муслим 487

Дуа 44

اللَّهُمَّ لَكَ سَجَدْتُ وَبِكَ آمَنْتُ، وَلَكَ أَسْلَمْتُ، سَجَدَ وَجْهِيَ لِلَّذِي خَلَقَهُ، وَصَوَّرَهُ، وَشَقَّ سَمْعَهُ وَبَصَرَهُ، تَبَارَكَ اللَّهُ أَحْسنُ الْخَالِقينَ

Аллаһуммә, ләкә сәжәдту уә бикә ә-мәнту, уә ләкә әсләмту, сәжәдә уәжһия ли-Лләзи халәқаһу, уә саууараһу, уә шәққа сәм’аһу уә бәсараһу, тәбәракә-Ллаһу ахсанул халиқин

Я, Аллаһ! Саған сәжде еттім, Саған иман келтірдім, Саған бой ұсындым. Жүзім оны Жаратқанға, оны бейнелеп, оған есту және көру қабілетін бергенге сәжде етті. Расында, Жаратушылардың ең жақсысы - Аллаһ Игі- Берекелі («әл-Муминун» сүресі, 14-аят)
«Жаратушылардың ең жақсысы» деген сөздер Аллаһ толық мағынадағы Жалғыз Жаратушы екенін білдіреді.

Муслим (771) және басқалар.

Дуа 45

سُبْحَانَ ذِي الْجَبَرُوتِ، وَالْمَلَكُوتِ، وَالْكِبْرِيَاءِ، وَالْعَظَمَةِ

Субханә зил-жәбәрути, уәл-мәләкути, уәл-кибрия-и, уәл-’азомәһ!

Күш-құдірет, билік, және ұлылық иесі Аллаһ (кемшілік атаулыдан) Пәк!

Әбу Дауд (873), Ән-Нәсаи 1131, Ахмад 23980, Хадис сахих, қз.: «Сахих Әбу Дауд» (1/166)

Дуа 46

اللَّهُمَّ اغْفِرْ لِي ذَنْبِي كُلَّهُ: دِقَّهُ وَجِلَّهُ، وَأَوَّلَهُ وَآخِرَهُ، وَعَلاَنِيَّتَهُ وَسِرَّهُ

Аллаһуммә-ғфир ли зәнби кулләһу, диққаһу уә жилләһу, уә әууәләһу уә әхираһу, уә ‘аләниятәһу уә сирраһу!

Я, Аллаһ! Менің кіші-үлкен, әуелгі-кейінгі, әшкере-жасырын жасалған бүкіл күнәларымды кешіре гөр!

Муслим (483)

Дуа 47

اللَّهُمَّ إِنِّي أَعُوذُ بِرِضَاكَ مِنْ سَخَطِكَ، وَبِمُعَافَاتِكَ مِنْ عُقوبَتِكَ، وَأَعُوذُ بِكَ مِنْكَ، لاَ أُحْصِي ثَنَاءً عَلَيْكَ، أَنْتَ كَمَا أَثْنَيْتَ عَلَى نَفْسِكَ

Аллаһуммә, инни а’узу би-ридо-кә мин сәхатыкә, уә биму’афәтикә мин ‘уқубәтикә, уә ә’узу бикә минкә, лә ухсы сәнә-ән ‘аләйкә Әнтә кәмә әснәйтә ‘алә нәфсика

Уа, Аллаһ! Мен Сенің ашу-ызаңнан ризалығыңа, жазалауыңнан кешіріміңе сиынамын. Мен Сенен Өзіңе сиынамын. Мен Саған лайықты болған бүкіл мақтау-мадақтарды санап тауыса алмаймын. Өйткені Сен ғана Өзіңді жетерлік мөлшерде мақтағансың

Муслим (486)