Дуа 122 ☆
لاَ إِلَهَ إِلاَّ اللَّهُ الْعَظِيمُ الْحَلِيمُ، لاَ إِلَهَ إِلاَّ اللَّهُ رَبُّ الْعَرْشِ الْعَظِيمِ، لاَ إِلَهَ إِلاَّ اللَّهُ رَبُّ السَّمَوَاتِ وَرَبُّ الْأَرْضِ وَرَبُّ الْعَرْشِ الْكَرِيمِ
Лә иләһа иллә-Ллаһу-л-’Азыйму-л-Халиму, лә иләһа иллә-Ллаһу, Раббу-л-’Арши-л-’азыйми, лә иләһа иллә-Ллаһу, Раббу-с-сәмәуәти уә Раббу-л-арды уә Раббу-л-’Аршил-кәрими
Ерекше Байсалды әрі Ұлы Аллаһтан басқа құлшылыққа лайықты құдай жоқ. Ұлы ‘Аршының Раббысы – Аллаһтан басқа құлшылыққа лайықты құдай жоқ, көктер мен жердің Раббысы әрі Ардақты ‘Аршының Раббысы – Аллаһтан басқа құлшылыққа лайықты құдай жоқ
Әл-Бухари 6345, Муслим 2730.
Дуа 123 ☆
اللَّهُمَّ رَحْمَتَكَ أَرْجُو، فَلاَ تَكِلْنِي إِلَى نَفْسِي طَرْفَةَ عَيْنٍ، وَأَصْلِحْ لِي شَأْنِي كُلَّهُ، لاَ إِلَهَ إِلاَّ أَنْتَ
Аллаһуммә, рахмәтәкә әржу, фә лә тәкилни илә нәфси тарфәтә ‘айнин, уә аслих ли шә’ни кулләһу, лә иләһа иллә Әнта!
Я, Аллаһ! Сенің рахымыңа үміт етемін. Мені бір мезетке болса да өз нәпсіме тастама, әрі менің барлық жұмыстарымды оңда, Сенен басқа құлшылыққа лайықты құдай жоқ!
Әбу Дауд 5090, Ахмад 20430. Әл-Әлбани «Сахих Әбу Дауд» 3/959 кітабында хадисті қабылдауға жарамды (хасан) деді.
Дуа 124 ☆
لاَ إِلَهَ إِلاَّ أَنْتَ سُبْحَانَكَ إِنِّي كُنْتُ مِنَ الظّالِمِينَ
Лә иләһа иллә Әнта, субхәнәкә, инни қунту минә-з-золимин!
Сенен басқа құлшылыққа лайықты құдай жоқ. Сен (кемшілік атаулыдан) Пәксің. Расында, мен (өзіме) зұлымдық жасаушылардан болдым
Әт-Тирмизи 3505, Әл-Хаким хадисті сахих деді және онымен әз-Заhаби (1/505) келісті. Қз.: «Сахихут-Тирмизи» 3/168.
Дуа 125 ☆
اللَّهُ اللَّهُ رَبِّي لاَ أُشْرِكُ بِهِ شَيْئاً
Аллаһу, Аллаһу, Рабби, лә ушрику биһи шәй-ә!
Аллаһ, Аллаһ, Раббым, Оған ешкімді серік қоспаймын!
Әбу Дауд 1525, Ибн Мәжаһ 3882. Қз.: «Сахих Ибн Мәжаһ» 2/335.