Дуа 239 ☆
وَ عَلَيْكُم
Уә’аләйкум
Аллаһ Елшісінің, саллә-Ллаһу ‘аләйһи уә сәлләм, былай дeгені хабарланады: "Егер сендерге Кітап иелері (яғни христиан мен яһудилер) сәлем берсе (яғни «Әс-сәләму ‘аләйкум» десе), «Сендерге де», - деп жауап беріңдер”.
Әл-Бухари 6258, Муслим 2163. [Пайғамбардың, саллә-Ллаһу ‘аләйһи уә сәлләм, бұл бұйрығының мәні басқа дінді ұстанатын адамдар «Әссәләму ‘аләйкум» деп емес, осыған ұқсас, бірақ игілік тілеу емес, лағынеттеу немесе жамандық тілеу болып табылатын сөздер айтуы мүмкін болатынында. Бұл Муслимде келтірілген хадисте былай деп айтылғандай: “Бірде яһудилерден болған адамдар Аллаһтың Елшісіне (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Әс-самму 'аләйкум (сендерге өлім болсын), уа, Абул-Қасим», - деп сәлем берді. Оларға Пайғамбар, саллә-Ллаһу ‘аләйһи уә сәлләм: «Уа ‘аләйкум» («Сендерге де»), - деп жауап берді”. Ал егер олар: «Әссәләму ‘аләйкум» («Сендерге сәлем»), - деп анық айтқан болса, онда «Уа ‘аләйкум сәләм» («Сендерге де сәлем»), - деп жауап беру керек. Яғни оларға олар сәлем бергендей етіп жауап беру адал әрі әділ болады. Қз.: «Мәжму’ Фатауа» Ибн ‘Усаймин, 3/36].