43. Өзіне қиын болып көрінген әлдебір нәрсеге жолыққан кісі оқитын дұға.

Дуа 139 ☆

اللَّهُمَّ لاَ سَهْلَ إِلاَّ مَا جَعَلْتَهُ سَهْلاً، وَأَنْتَ تَجْعَلُ الْحَزْنَ إِذَا شِئْتَ سَهْلاً

Аллаһуммә, лә сәһлә иллә мә жә’алтәһу сәһлән, уә Әнтә тәж’алул-хазнә изә ши'тә сәһлә!

Я, Аллаһ! Өзің жеңілдеткен істен жеңіл еш нәрсе жоқ, әрі егер Сен қаласаң, осы қиындықты да жеңілдетесің!

Ибн Хиббан өзінің «әс-Сахихында» (2427), Ибн Сунни («Мауаридта») (351). Әл-Хафиз: «Бұл хадис сахих», - деді. Сондай-ақ бұл хадисті ‘Абдул-Қадир әл-Арнаут та имам ән-Науауидің «әл-Азкар» кітабына жасаған тахрижында (106-бет) сахих деді.