103. Сапардағы кісінің таң атқанда айтатын дұғасы.

Дуа 224

سَمَّعَ سَامِعٌ بِحَمْدِ اللَّهِ، وَحُسْنِ بَلاَئِهِ عَلَيْنَا، رَبَّنَا صاحِبْنَا، وَأَفْضِلْ عَلَيْنَا، عَائِذاً بِاللَّهِ مِنَ النَّارِ

Сәми’а (немесе сәммә’а) сә-ми’ун бихамди-Лләһи, уә хусни бәлә-иһи ‘аләйнә! Раббәнә, сахиб-нә, уә әфдыйл ‘аләй-нә! ‘Аизән би-Лләһи минә-н-нәр!

Осы сөздерді естуші біздің Аллаһты мадақтап жатқанымызды және оның сынағы көркем екенін басқаларға жеткізсін (осыған куә болсын)! (Мұндағы «бәлә’» сөзі тек «сынақ» қана емес, сонымен қатар «бәле-бәлекет», «бақытсыздық» дегенді білдіреді. Бұл жерде біз басымызға түскен қиындықтар мен сынақтарға сабырлық танытатындығымыз себепті, олар біз үшін игілікке айналатыны меңзелуде.) Раббымыз, бізді тастама, бізге кеңдік ет. Тозақ отынан Аллаһқа сиынамыз

Муслим 2718, ән-Науауи «Шарх «Сахих» Муслим» 17/39.