114. Мұсылман кісі өзі мақталғанда не дейді.

Дуа 244

اللَّهُمَّ لاَ تُؤَاخِذْنِي بِمَا يَقُولُونَ، وَاغْفِرْ لِي مَا لاَ يَعْلَمُونَ، [وَاجْعَلْنِي خَيْراً مِمَّا يَظُّنُّونَ]

Аллаһуммә, лә туәхиз-ни бимә яқулунә, уә-ғфир ли мә лә я’ләмунә, уәж’ални хайран миммә язуннуна

Я, Аллаһ! Олар айтып жатқан сөздер үшін мені жазалай көрме. Менің олар білмейтін күнәларымды кешір.
(Сондай-ақ мені олар ойлағаннан да жақсы ет!)

Әл-Бухари «Әл-Адабул-Муфрад» (761) кітабында. Әл-Әлбани «Сахихул-Адабул-Муфрад» (585) жеткізушілер тізбегін сахих деді. Жақшаның ішіндегі сөздерді әл-Бәйhақи «Шу’бул-Иман» (4/228) кітабында басқа тізбекпен жеткізген.