119. Арафа күні айтылатын дұға.

Дуа 250

لاَ إِلَهَ إِلاَّ اللَّهُ وَحْدَهُ لاَ شَرِيكَ لَهُ، لَهُ الْمُلْكُ وَلَهُ الْحَمْدُ وَهُوَ عَلَى كُلِّ شَيْءٍ قَدِيرٌ

Лә иләһа иллә-Ллаһу уәхдәһу лә шәрикә ләһу, ләһу-л-мулку уә ләһу-л-хамду уә һууә ‘алә кулли шәй-ин қадир!

Аллаһ Елшісінің, саллә-Ллаһу ‘аләйһи уә сәлләм, былай деп айтқаны хабарланады: “Дұғалардың ең жақсысы Арафа күніндегі дұға. Мен және Менің алдымда өткен пайғамбарлар айтқан сөздердің ең абзалы:
Аудармасы: «Аллаһтан басқа құлшылыққа лайықты құдай жоқ. Ол Жалғыз әрі Оның серігі жоқ. Бүкіл билік Онікі және барлық мақтау Оған. Сондай-ақ Оның күш-құдіреті барлық нәрсеге толық жетеді».

Әт-Тирмизи 3585, Әл-Әлбани «Сахихут-Тирмизи» (3/184) және «Силсиләтул-Ахадисис-Сахихаh» (4/6) кітаптарында хадисті қабалдауға жарамды деді.