Дуа 19 ☆
اللَّهُمَّ اجْعَلْ فِي قَلْبِي نُوراً، وَفِي لِسَانِي نُوراً، وَفِي سَمْعِي نُوراً، وَفِي بَصَرِي نُوراً، وَمِنْ فَوْقِي نُوراً، وَمِنْ تَحْتِي نُوراً، وَعَنْ يَمِينِي نُوراً، وَعَنْ شِمَالِي نُوراً، وَمِنْ أَمَامِي نُوراً، وَمِنْ خَلْفِي نُوراً، وَاجْعَلْ فِي نَفْسِي نُوراً، وَأَعْظِمْ لِي نُوراً، وَعَظِّم لِي نُوراً، وَاجْعَلْ لِي نُوراً، وَاجْعَلْنِي نُوراً، اللَّهُمَّ أَعْطِنِي نُوراً، وَاجْعَلْ فِي عَصَبِي نُوراً، وَفِي لَحْمِي نُوراً، وَفِي دَمِي نُوراً، وَفِي شَعْرِي نُوراً، وَفِي بَشَرِي نُوراً
Аллаһуммә-ж’әл фи қалби нуран, уә фи лисәни нуран, уә фи сәм’и нуран, уә фи бәсари нуран, уә мин фәуқи нуран, уә мин тәхти нуран, уә ‘ан ямини нуран, уә ‘ан шимәли нуран, уә мин әмәми нуран, уә мин халфи нуран, уәж’әл фи нәфси нуран, уә а’зыйм ли нуран, уә ‘аззыйм ли нуран, уәж’әл ли нуран, уәж’әлни нуран, Аллаһуммә а’тыйни нуран, уәж’әл фи ‘асаби нуран, уә фи ләхми нуран, уә фи дәми нуран, уә фи шә’ри нуран, уә фи бәшәри нуран.
(Аллаhуммә-ж’әл ли нуран фи қабри уә нуран фи ‘изоми)
(уә зидни нуран уә зидни нуран уә зидни нуран)
уә hаб ли нуран ‘алә нуран
Я, Аллаһ! Жүрегіме нұр сал, тіліме нұр сал, құлағыма нұр сал, жанарыма нұр сал және менің үстімен нұр бер, астымнан нұр бер, маған оң жағымнан нұр бер, маған сол жағымнан нұр бер, алдымды нұрландыр, артымды нұрландыр, жан дүниеме нұр сал және мен үшін нұрды ұлы ет, әрі мен үшін нұрды үлкен ет, мен үшін нұрды жақ әрі менің өзімді нұр ет! Я, Аллаһ! Маған нұр сыйлай гөр, менің сіңірлеріме нұр сал, тәніме нұр сал, қаныма нұр сал, шашыма нұр сал, теріме нұр сал.*1
(Я, Аллаһ! Менің қабіріме нұр сал және сүйектеріме нұр сал)*2
(және нұрды маған көбейте гөр, нұрды маған көбейте гөр, нұрды маған көбейте гөр)*3
(маған нұр үстіне нұр сыйла)*4
*1 - Әл-Бухари (6316), Муслим 763
*2 - Әт-Тирмизи 3419.
*3 - Әл-Бухари «Әл-Адабул-Муфрад» (695), әл-Әлбани «Сахихул-Адабул-Муфрад» (536) кітабында иснадын сахих деп айтқан.
*4 - «Фатх әл-Бәри» (11/118).