120. Маш’арул Харамда айтылатын дұға.

Дуа 251

Пайғамбар, саллә-Ллаһу ‘аләйһи уә сәлләм, Қасуа атты түйесіне мініп, Маш’арул Харамға келді де, Қыблаға карап Аллаһқа дұға етіп, келесі сөздерді айтты: «Аллаһу Әкбар!» («Аллаһ Ұлы!») және «Лә иләһа иллә-Ллаһ!» («Аллаһтан басқа құлшылыққа лайықты құдай жоқ!»). Әрі Пайғамбар, саллә-Ллаһу ‘аләйһи уә сәлләм, таң атып жап-жарық болғанға дейін дұға етуін жалғастырды да, содан кейін күн шығудан бұрын (Минаға қарай) жүріп кетті.

Муслим 1218