121. Жамаратқа әрбір тасты атқанда айтатын тәкбір.

Дуа 252

اللهُ أكْبَر

Аллаһу Әкбар!

Пайғамбар, саллә-Ллаһу ‘аләйһи уә сәлләм, тас лақтырылатын үш бағананың (араб. - жамарат) әрбіріне: «Аллаһу Әкбар» («Аллаһ Ұлы!»), - деп тас ататын, кейін алға қарай өтіп барып, тоқтап Қыблаға қарап, қолын аспанға көтеріп, дұға ететін. Осыны ол бірінші және екінші жамаратқа тас лақтырып болған соң істейтін, ал үшінші жамаратқа келер болсақ, ол оған да: «Аллаһу Әкбар», - деп тас лақтырып болған соң, тоқтамай жүріп кететіні хабарланады.

Әл-Бухари 1751. Қз.: сондай-ақ Әл-Бухари «Фатх әл-Бәри» шархымен 3/583, 3/584, 3/581 № 1753. Хадисті сондай-ақ Муслим (1218) келтіреді.