15. Азан айтылып жатқан кезде айтылатын зікірлер.

Дуа 22

لاَ حَوْلَ وَلاَ قُوَّةَ إِلاَّ بِاللَّهِ

Лә хаулә уәлә қууатә иллә биЛләһ

Азаншының барлық айтқан сөздерін ізбе-із әрі сөзбе-сөз қайталау керек, ал: «Хаийә ‘аләс-саләһ» және «хаийә ‘аләл фәләх» (намазға асығыңдар, құтылуға асығыңдар) деген азан сөздерінен кейін оларды қайталаудың орнына:
«Аллаһтан басқа ешкімде күш те, қуат та жоқ», – деу керек.

Әл-Бухари 611, 613, Муслим 383.

Дуа 23

وَأَنَا أَشْهَدُ أَنْ لاَ إِلَهَ إِلاَّ اللَّهُ وَحْدَهُ لاَ شَرِيكَ لَهُ وَأَنَّ مُحَمَّداً عَبْدُهُ وَرَسُولُهُ، رَضِيتُ بِاللَّهِ رَبَّاً، وَبِمُحَمَّدٍ رَسُولاً، وَبِالْإِسْلاَمِ دِينَاً

Уә әнә әшһәду әллә иләһа иллә-Ллаһу уахдаһу лә шәрикә ләһу уә әннә Мухаммәдән ‘абдуһу уа расулуһ, радыйту би-Лләһи Раббән, уә би-Мухаммәдин расулән, уә бил-Исләми динән

Азаншы куәлік сөздерін айтқаннан кейін былай деп айту қажет:
Аудармасы: «Мен де Аллаһтан басқа құлшылыққа лайықты ешкім жоқ, Ол Жалғыз, Оның серігі жоқ екендігіне және, шынында, Мухаммад - Аллаһтың құлы әрі елшісі екендігіне куәлік беремін. Аллаһқа Раббы ретінде, Мухаммадқа елші ретінде, Исламға дін ретінде разымын».

Муслим (386)

Дуа 24

Азаншының айтқандарын қайталаған соң Пайғамбарымызға, саллә-Ллаһу ‘аләйһи уә сәлләм, салауат айту керек

Муслим (384)

Дуа 25

اللَّهُمَّ رَبَّ هَذِهِ الدَّعْوَةِ التَّامَّةِ، وَالصَّلاَةِ الْقَائِمَةِ، آتِ مُحَمَّداً الوَسِيلَةَ وَالْفَضِيلَةَ، وَابْعَثْهُ مَقَامَاً مَحمُوداً الَّذِي وَعَدْتَهُ، [إِنَّكَ لَا تُخْلِفُ الْمِيعَادَ])

Аллаһуммә Раббә һәзиһид-дә’уәти-т-тәммәһ, уәссаләти-л-қа-имәһ, әти Мухаммәдән-ил-уәсиләтә уә-л-фадыйләһ, уәб’асһу Мәқаман-Махмудән илләзи уә’адтәһ, /иннәкә лә тухлифул-ми’ад/!

Я, Аллаһ! Осы кемел шақырудың әрі осы орындалатын намаздың Раббысы! Мухаммадты әл-Уәсиләға («Әл-Уасилә» – Жұмақтың ең жоғарғы сатысы) және жоғары дәрежеге жеткізе гөр! Әрі оны Өзің уәде еткен Мақтаулы Орынға бағыттай гөр! (Шын мәнінде, сен уәдеңді бұзбайсың)

Әл-Бухари (614). [«Инна-кә лә тухлифу-л-ми’ад» деген қосымша әл-Бәйhақиде (1/410) келеді, әрі ол қайтарылған (шәзз). Қз.: «әл-Ируа әл-Ғалил» (1/261).]

Дуа 26

Азан мен қамат арасындағы уақытта Аллаһқа өзің үшін дұға етіп жалбарыну керек. Өйткені бұл уақытта жасалған дұға кері қайтарылмайды.

Әт-Тирмизи (3594, 3595), Әбу Дауд 525, Ахмад 12200. Хадис сахих, қз.: «Ируаул-Ғалил» (1/262).