18. Рукуғтан бас көтергенде айтылатын дұға.

Дуа 38

سَمِعَ اللَّهُ لِمَنْ حَمِدَهُ

Сәми’а-Ллаһу лимән-хамидәһ

Аллаһ Өзіне мақтау-мадақ айтушыны естіді (естісін)

Әл-Бухари (796).

Дуа 39

رَبَّنَا وَلَكَ الْحَمْدُ، حَمْداً كَثيراً طَيِّباً مُبارَكاً فِيهِ

Раббәнә, уә ләкәл-хамду, хамдән кәсиран, тайибән, мубәракән фи-һ!

Раббымыз! Саған мақтау-мадақ, көп-көп, ізгі әрі берекелі мақтау-мадақтар болсын!

Әл-Бухари (796)

Дуа 40

رَبَّنَا وَلَكَ الْحَمْدُ، مِلْءَ السَّمَوَاتِ وَمِلْءَ الأَرْضِ، وَمَا بَيْنَهُمَا، وَمِلْءَ مَا شِئْتَ مِنْ شَيءٍ بَعْدُ. أَهلَ الثَّناءِ وَالْمَجْدِ، أَحَقُّ مَا قَالَ الْعَبْدُ، وَكُلُّنَا لَكَ عَبْدٌ. اللَّهُمَّ لاَ مَانِعَ لِمَا أَعْطَيْتَ، وَلاَ مُعْطِيَ لِمَا مَنَعْتَ، وَلاَ يَنْفَعُ ذَا الجَدِّ مِنْكَ الجَدُّ

(Раббәнә, уә ләкәл-хамду) мил-ә-с-сәмәуәти уә мил әл-арды уә мә бәйнә-һумә, уә мил-ә мә ши`тә мин шәй-ин бә’ду. Әһлә-с-сәнәи уәл-мәжди, ахаққу мә қаләл ‘абду, уә куллюнә ләкә ‘абдун. Аллаһуммә, лә мәни’а лимә а’тайтә, уә лә му’тыйа лимә мәнә’тә, уә лә янфә’у зәл-жәдди минкәл-жәдду

(Я, Раббымыз! Саған мақтау-мадақтар болсын) және ол көктер мен жерді және олардың арасындағыларды толтырсын, әрі Өзің қалаған нәрселерді де толтырсын! Сен мақтау-мадақ пен ұлылыққа лайықтысың. Біз барлығымыз Сенің құлдарыңбыз, ал құлдың айтар сөзінің ең дұрысы: «Уа, Аллаһ! Сен берген нәрсеңнен ешкім айыра алмайды, әрі Сен бермеген нәрсені ешкім де бере алмайды. Сондай-ақ күш-қуат иесінің күш-қуаты Сенің алдыңда пайдасыз болып қалады»

Муслим (477)