Дуа 48 ☆
رَبِّ اغْفِرْ لِي، رَبِّ اغْفِرْ لِي
Рабби-ғфир ли, Рабби-ғфир ли!
Раббым, мені кешіре гөр! Раббым, мені кешіре гөр!
Әбу Дауд (874), Ибн Мәжаһ 897. қз.: «Сахих Ибн Мәжаһ» (1/148)
Дуа 49 ☆
اللَّهُمَّ اغْفِرْ لِي، وَارْحَمْنِي، وَاهْدِنِي، وَاجْبُرْنِي، وَعَافِنِي، وَارْزُقْنِي، وَارْفَعْنِي
Аллаһуммә-ғфир ли, уәрхамни, уәһдини, уәжбурни, уа’афини, уәрзуқни, уәрфә-’ни
Я, Аллаһ! Мені кешіре гөр, маған рақым ете гөр, мені тура жолға бастай гөр, мені Өзің оңдап, маған есендік бер. Маған ризық-несібе бер, әрі мені жоғары (дәрежеге) көтер.
Әбу Дауд 850, әт-Тирмизи 284 и 285, Ибн Мәжаһ (898), қз.: «Сахих Ибн Мәжаһ» (1/148) және «Сахих әт-Тирмизи» 1/90.