47. Перзентті болған кісіні құттықтау дұғасы әрі оның жауабы.

Дуа 145

1: بَارَكَ اللَّهُ لَكَ فِي الْمَوْهُوبِ لَكَ، وَشَكَرْتَ الْوَاهِبَ، وَبَلَغَ أَشُدَّهُ، وَرُزِقْتَ بِرَّهُ
2: بَارَكَ اللَّهُ لَكَ وَبَارَكَ عَلَيْكَ، وَجَزَاكَ اللَّهُ خَيْراً، وَرَزَقَكَ اللَّهُ مِثْلَهُ، وَأَجْزَلَ ثَوَابَكَ

1. Перзент көрген әкеге былай деп айту керек:
«Барака-Ллаһу ләкә фил-мәуһуби ләкә, уә шәкәртә-л-Уәһибә, уә бәләға әшуд-дәһу, уә рузиқтә бирраһ!»

2. Ал бұл тілекке әке былай жауап беруге тиіс:
«Бәрәка-Ллаһу ләкә уә бәракә ‘аләйкә, уә жәзәкәл-Лаһу хайран, уә разәқакә-Ллаһу мисләһу, уә әжзәлә сәуәбәкә!»

1. Перзент көрген әкеге былай деп айту керек:
«Аллаһ Тағаланың сізге берген сыйы берекелі болсын! Сіз бұл сыйды берген Сыйлаушыға шүкірлік етіңіз. Аллаһ Тағала сізге оның кәмелетке толып, оның сізге сый-құрмет жасауын көруіңізді нәсіп етсін!»

2. Ал бұл тілекке әке былай жауап беруге тиіс:
«Аллаһ Тағала сізді де берекелі етсін, әрі сізге береке және игілігімен қайырсын! Аллаһ Тағала мұндай (сыйды) сізге де нәсіп етсін, әрі сізге көптеп сауабынан жазсын!»

Әл-Хасан әл-Басри сөздері деп айтылады. Қз.: Ибнул-Қаййим «Тухфатул-маудуд» (20-бет), ол жерде ол Ибнул-Мунзирдің «Әл-Аусат» кітабына сілтеме жасайды.
Имам ән-Науауи «Әл-Азкар» (349). Қз.: Салим әл-Һиләлидің «Сахиху-л-Азкар» кітабы (2/713). Бұл асардың сахихтығында ғалымдар арасында келіспеушіліктер бар. Алайда бала туылуымен қалай құттықтау керектігі туралы сахих асарлар да бар:
Әс-Сарий ибн Яхьядан Хасан әл-Басриге «Бала туылуымен қалай құттықтау керек?» деген сұрақ қойылғанда, ол: «Аллаһ оны сен үшін де, Мухаммадтың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) үмметі үшін де игі-берекелі етсін», - деп жауап бергені туралы жеткізіледі. Әт-Табарани «әд-Ду’а» № 945, Ибн Аби-д-Дунья «әл-’Иял» 1/363. Бұл хабардың иснады хасан, бұл туралы «әд-Ду’а» кітабының зерттеушісі доктор Мухаммад әл-Бухари айтқан.
Хамад ибн Зәйд былай баяндайтын: «Айюб (әс-Сахтияни) бала туылуымен құттықтағанда: «Аллаһ оны сен үшін де, Мухаммадтың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) үмметі үшін де игі-берекелі етсін», - дейтін», Әт-Табарани «әд-Ду’а» № 946, Ибн Аби-д-Дунья «әл-’Иял» 1/366 және Абу Ну’айм «әл-Хилия» 3/18.
Бұл асарларда Хасан әл-Басри мен Айюб әс-Сахтияни құттықтаудың бірдей түрін қолданған:
جَعَلَهُ اللَُّ مُبَارَكًا عَ ايْكَ وَعَلَي أُمَّةِ مُحَمَّدً صَلَى اللَُّ عَلَيْهِ وَسَلَّم
«Жә’аләhу-Ллаhу мубаракан ‘аләйка уә ‘алә уммати Мухаммад, саллә-Ллаhу ‘аләйhи уә сәлләм».