51. Өмірден күдер үзген науқас адамның айтатын дұғасы.

Дуа 150

اللَّهُمَّ اغْفِرْ لِي، وَارْحَمْنِي، وَأَلْحِقْنِي بِالرَّفِيقِ الْأَعْلَى

Аллаһуммә, ғфир ли, уә-рхамни уә әл-хиқни би-р-Рафиқи-л-Ә’лә!

Я, Аллаһ! Мені жарылқай гөр, әрі маған рақым ете гөр және мені ең жоғарғы достарыңа қос
(«Әр-Рафиқ әл-Ә'лә» дегенде бұл жерде «әр-Рафиқ» деген есімге ие Аллаһ Тағаланың Өзі, немесе періштелер, пайғамбарлар, елшілер т.б меңзелуде).

Әл-Бухари 4435, Муслим 2444.

Дуа 151

لاَ إِلَهَ إِلاَّ اللَّهُ إِنَّ لِلْمَوْتِ سَكَرَاتٍ

Лә иләһа иллә-Ллаһу, иннә ли-л-мәути лә-сәкәратин!

Пайғамбар саллә-Ллаһу ‘аләйһи уә сәлләм, өмірден өтер шағында бірнеше рет қолдарын суы бар ыдысқа батырып, содан соң қолымен бетін сүртіп:
«Аллаһтан басқа құлшылыққа лайықты құдай жоқ, күдіксіз, өлімнің алдында жанталасар қиындықтар келеді!», - дегені хабарланады.
(Бұл жерде өлім ауызында жатқан адамның тәні мен жаны кешетін азаптары, басқаша айтқанда жанталас (агония) туралы айтылуда).

Әл-Бухари «Фатх әл-Бәри» шархымен (8/144) № 4449. Бұл хадисте сондай-ақ Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) қайтыс болуы алдында сиуак қолданғаны туралы да айтылады.

Дуа 152

لاَ إِلَهَ إِلاَّ اللَّهُ وَاللَّهُ أَكْبَرُ، لاَ إِلَهَ إِلاَّ اللَّهُ وَحْدَهُ، لاَ إِلَهَ إِلاَّ اللَّهُ وَحْدَهُ لاَ شَرِيكَ لَهُ، لاَ إِلَهَ إِلاَّ اللَّهُ لَهُ المُلْكُ وَلَهُ الْحَمْدُ، لاَ إِلَهَ إِلاَّ اللَّهُ وَلاَ حَوْلَ وَلاَ قُوَّةَ إِلاَّ بِاللَّهِ

Лә иләһа иллә-Ллаһу уа-Ллаһу әкбар, лә иләһа иллә-Ллаһу уәхдаһ, лә иләһа иллә-Ллаһу уахдәһу лә шәрикә ләһ, лә иләһа иллә-Ллаһу ләһул-мулку уә ләһул-хамду, лә иләһа иллә-Ллаһу уә лә хаулә уә лә қууәтә иллә би-Лләһ!

Аллаһтан басқа құлшылыққа лайықты құдай жоқ, Аллаһ Ең Ұлы. Аллаһтан басқа құлшылыққа лайықты құдай жоқ. Ол Жалғыз. Аллаһтан басқа құлшылыққа лайықты құдай жоқ. Ол Жалғыз және Оның серігі жоқ. Аллаһтан басқа құлшылыққа лайықты құдай жоқ. Бүкіл билік Онікі әрі бүкіл мақтау-мадақтау Оған лайық. Аллаһтан басқа құлшылыққа лайықты құдай жоқ. Барлық күш-қуат тек Аллаһқа ғана тән!

Әт-Тирмизи 3430, Ибн Мәжаһ 3794. Әл-Әлбани хадисті сахих деді. Қз.: «Сахихут-Тирмизи» 3/152, «Сахих Ибн Мәжаһ» 2/317.