57. Көңіл айтып барғанда айтылатын дұға.

Дуа 162

إِنَّ للَّهِ مَا أَخَذَ، وَلَهُ مَا أَعْطَى، وَكُلُّ شَيْءٍ عِنْدَهُ بِأَجَلٍ مُسَمَّى .فَلْتَصْبِرْ وَلْتَحْتَسِبْ

Иннә ли-Лләһи мә әхазә, уә ләһу мә ә’та уә куллу шәй-ин ‘индәһу би-әжәлин-мусәммән..., Фә-л-тасбир уә-л-тахтәсиб

Шын мәнінде, алғаны да, бергені де Аллаһтың Өзінікі, Ол барлық нәрсенің ажалы жетер мерзімін белгілеп қойған..., ендеше, Аллаһтан сауап үміт етіп, сабырлық таныт, әрі қазаға көнгейсің

Бұл сөздерді Пайғамбар, саллә Ллаhу ‘аләйhи уә сәлләм, өзінің қыздарының біріне, оның баласы қайтыс болған кезде, (біреу арқылы) айтып жіберген болатын. Әл-Бухари (2/80) № 1284, Муслим (2/636) № 923.