66. Аспанды бұлттан тазартуды (яғни жаңбырды тоқтатуды) сұрап айтатын дұға.

Дуа 174

اللَّهُمَّ حَوَالَيْنَا وَلاَ عَلَيْنَا، اللَّهُمَّ عَلَى الآكَامِ وَالظِّرَابِ، وَبُطُونِ الْأَوْدِيَةِ، وَمَنَابِتِ الشَّجَرِ

Аллаһуммә, хауәләй-нә уә лә ‘аләйнә. Аллаһуммә, ‘алә-л-әкә-ми уә-з-зыра-би, уә буту-ни-л-әудияти, уә мәнәбити-ш-шәжәри!

Я, Аллаһ! Біздің үстімізге емес, жан-жағымызға жаудыр, Я, Аллаһ! төбелер мен тау шыңдарына, сай-аңғаларға және ағаш өсетін жерлерге жаудыр!

Әл-Бухари 933, Муслим 897.