77. Түшкіргенде айтатын дұға.

Дуа 190

الْحَمْـدُ للهِ -يَرْحَمُـكَ الله -يَهْـديكُـمُ اللهُ وَيُصْـلِحُ بالَـكُم

«Әлхамду ли-Лләһ!»
«Йәрхаму-ка-Ллаһ»
«Йәһди-куму-Ллаһу уә юслиху бәләкум!»

Аллаһ Елшісінің, саллә-Ллаһу ‘аләйһи уә сәлләм, былай дегені хабарланады: “Егер сендерден біреуің түшкірсе: «Аллаһқа мақтаулар болсын!», - десін.
Әрі оның (Аллаһты мадақтағанын естіген) бауыры (немесе жанындағы жолдасы): «Аллаһтың саған рахымы болсын», - деп айтсын!
Ал егер ол: «Саған Аллаһтың рахымы болсын», - деп айтса, онда түшкірген кіcі оған былай деп жауап қайтарсын: «Аллаһ сізді тура жолға бастап, істеріңізді тәртіпке келтірсін!»

Әл-Бухари 5870