80. Үйленгенде немесе қызметші жалдағанда айтатын дұға.

Дуа 193

اللَّهُمَّ إِنِّي أَسْأَلُكَ خَيْرَهَا، وَخَيْرَ مَا جَبَلْتَهَا عَلَيْهِ، وَأَعُوذُ بِكَ مِنْ شَرِّهَا، وَشَرِّ مَا جَبَلْتَهَا عَلَيْهِ

Аллаһуммә, инни әс-әлукә хайра-һә уә хайра мә жәбәлтә-һә ‘аләйһи уә ә’узу бикә мин шәрри-һә уә шәрри мә жәбәлтә-һә ‘аләйһи!

Аллаһ Елшісінің, саллә-Ллаһу ‘аләйһи уә сәлләм, былай деп айтқаны хабарланады: «Егер сіздерден әлдебіреу үйленсе немесе қызметші жалдалса, былай десін:
«Я, Аллаһ! Расында, мен Өзіңнен оның игілігін әрі Сен оны не үшін жаратқан болсаң соның игілігін сұраймын және оның кесірінен Өзіңе сиынамын!»
«...Ал егер адам түйе сатып алса, өркешінің төбесінен ұстап, осы дұғаны айтсын»

Әбу Дауд 2160, Ибн Мәжаһ 1918. «Сахих Ибн Мәжаһ» 1/324.